ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Дзюдодан Токиода 6 спортшы бақ сынайды. Риодағы жетістікті қайталауға мүмкіндік бар ма?

Токио Олимпиадасындағы ең маңызды спорттық сайыстың бірі – дзюдо күресі. Өйткені дәл осы спорттың тарихи отанында жүлде алу кез келген балуанға абырой болары анық. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі қазақстандық дзюдошылардың Олимпиада ойындарындағы мүмкіндігін саралап көрді.

Елдос Сметов

Іріктеу қалай жүргізілді

Биыл дзюдо күресіне 130 жыл толып отыр. Олимпиада ойындары осындай мерейлі датаға сәйкес келді. Токио татамиінде барлығы 15 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде ерлер арасында – 7, әйелдер арасында – 7 салмақта жеңімпаздар анықталады. Бір алтын аралас командалық турнирдің жеңімпазына беріледі. Соңғысына кез-келген құрама қатыса алады. Бірақ ол үшін құрама сапында 6 салмақта Олимпиада жолдамасына еншілеген балуан болуы керек. Командалық салмақтағы белдесулер: ерлер арасында –73 кг, 90 кг, +90 кг, әйелдер арасында – 57 кг, 70 кг, +70 кг бойынша өтеді. Егер құрамада 73 келідегі балуан жолдама алмаған болса, оның орнына 60 немесе 66 келідегі спортшыны қосуға болады. Басқа салмақта да ондай мүмкіндіктер бар.

Ал Қазақстан командалық сайыстан қатыса алмайды. Себебі қыздар құрамасында жалғыз ғана спортшы барады. Сол себепті бақ сынауға мүмкіндік жоқ.

Токио Олимпиадасының бір ерекшілігі, дзюдодан қатысатын ерлер мен әйелдердің саны бірдей болып отыр. Мысалы, соңғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлердің саны әйелдерден көп болған (230 және 156). Халықаралық Олимпиада комитеті гендерлік саясатқа қатты мән беріп жатқаны белгілі. Сондықтан Күншығыс елінде 193 ер, 193 әйел бақ сынайтын болды.

Жапония жарыс қожайыны ретінде ешқандай іріктеусіз-ақ 14 балуан қатыстырады. Халықаралық Олимпиада комитеті, Халықаралық дзюло федерациясы және ұйымдастыру комитеті бірігіп, 20 жолдаманың өздері анықтады.

Галбадрах Отгонцэцэг

Ал қалған 352 жолдама рейтинг бойынша үлестірілді. Олимпиада ойындарының іріктеу рейтингі – 2018 жылдың мамыр айында Хоххот қаласында өткен Гран-приден басталған. Балуандар биылғы Будапештегі әлем чемпионатына дейін ұпай жинады.

Жалпы, рейтинг бойынша алғашқы 18-орындағы балуан Токиоға жолдама алды. Бұл жерде рейтингте тек бір елден бір спортшы ғана есептеледі. Егер үздіктер қатарында бір салмақтан бір елден бірнеше балуан болса, ол жағын жергілікті федерация шешті. Қазақстанда дәл осындай жағдай екі салмақта кездесті. Мысалы, 60 келіде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, 66 келіде Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақановтың біреуін таңдау керек болды.

Рейтинг бойынша, 253 спорты тікелей жолдама алды. Ал қалған 100 жолдама құрлықтық квота бойынша үлестірілді. Сондай бір жолдама қазақстандық 81 келідегі Дидар Хамзаға бұйырды.

Қазақстаннан қатысатын балуандар

Елдос Сметов (60 келі)

Ерлан Серікжанов (66 келі)

Жансай Смағұлов (73 келі)

Дидар Хамза (81 келі)

Ислам Бозбаев (90 келі)

Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі).

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында

Олимпиада ойындарында ең басты үміт артатын балуанымыз Елдос Сметов (60 келі) екені түсінікті. Осыдан 5 жыл бұрын Рио Олимпиадасында финалға дейін жетті. Одан бөлек, әлем чемпионы деген атағы бар. Бірақ бұл жолғы Олимпиадағы циклде Сметовтің көрсеткіштері сәл төмендеу болды. Оған жарақаты да кесірін тигізген анық.

Токио татамиінде Елдостың негізгі қарсыласы жарыс қожайыны – Наохиса Такато. Үш дүркін әлем чемпионы. Соңғы рет 2018 жылы Бакуде алтын алған. Биыл Бішкектегі Азия біріншілігінде қарсылас шыдатқан жоқ. Қазір нағыз бабында. Оның үстіне Олимпиада өз жерінде өтеді. Бразилиядағы Олимпиадан қола жүлдемен оралған. Сондықтан осы жолы алтын алу үшін бар күшін салары белгілі.

Бұл салмақта жапон балуанынан бөлек, 2019 жылғы әлем чемпионы грузин Лухум Чхвимиани бар. Әлем, Азия біріншіліктерінің жүлдегері Ким Вон Джин (Оңтүстік Корея) биыл Дохадағы «Мастерс» турнирін ұтқан. Ол да осалдар қатарынан емес. Елдос бұл балуанды бұған дейінгі жарыстарда жеңген.

Сонымен қатар Будпаштегі әлем чемпионатында жерлесіміз Мағжан Шамшадиннен басым түскен әзербайжандық Карамат Гусейнов, Сметовтің байырғы қарсыласы өзбек Шарафуддин Лутфиллаев, ресейлік тәжірибелі балуан Роберт Мшвидобадзе Токиодан жүлделі қайтуды көздейді.

Ерлан Серікжанов

Бәсекелестік жоғары салмақтың бірі – 66 келі болмақ. Қазақстан намысын 2018 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов қорғайды.

Бұл салмақтың сөзсіз фавориті – екі дүркін әлем чемпионы, 23 жастағы жапон балуаны Хифуми Абэ. Серікжанов Бакудегі әлем чемпионатының финалында осы балуаннан жеңілген. Одан кейін фавориттер қатарына кореялық Ан Ба Ул кіреді. Рио Олимпиадасында топ жаруы тиіс деп саналған ол финалда күтпеген жерден италиялық Фабио Базилеге есе жіберген. Ан Ба Ул биыл екі халықаралық доданың бас жүлдесін алды. Соның бірі – Ташкенттегі Гран-при.

Италияның осы Олимпиада ойындарындағы басты үміті – Мануэль Ломбардо да 66 келіде күреседі. Бір рет Париждегі Гранд-слэмде Абэні жеңгені бар. Ломбардо биыл әлем чемпионатында финалға дейін жетсе, ал Еуропа біріншілігінде қарсылас шыдатқан жоқ.

Одан бөлек, Грузия Важа Маргвелашвилиге, өзбектер Сардор Нуриллаевқа сенім артады. Украинадан тәжірибелі Георгий Зантарая, Әзербайжаннан Орхан Сафаров, Ресейен Якуб Шамилов бар.

Жансай Смағұлов

Дзюдо жанкүйерлері 73 келінің тартысын ерекше күтері анық. Бәсекелестік тым жоғары. Өйткені дәл осы салмақта үшОлимпиада, үш Әлем чемпионы белдеседі. Қазақстанан Жансай Смағұлов қатысады. Оның бұл екінші Олимпиадасы. Бұған дейін Рио татамиінде 66 келіде күрескен.

Басты фаворит сөзсіз – Оно Шохей (Сёхэй). 29 жастағы балуанның ұтпағаны жоқ. Бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының чемпионы. Мамандардың басым көпшілігі Оноға Токиода бәсекелес жоқ деп санайды. Екінші рет Олимпиаданың тұғырына көтерілетіне ешкім күмәндана қоймайды.

Дегенмен, Оно Шохейді бір тоқтатын балуан болса, ол кореялық Ан Чхаллим. 2018 жылғы әлем чемпионы.

Әзербайжан халқының мақтан тұтар балуандарының бірі – Рустам Оруджев те Токиоға жолдама алған. Үнемі финалда Оно Шохей мен Ан Чхаллимнен ұтылып жолы болмай жүреді. Әйтпесе, неше рет күміс жүлдеге қол жеткізді.

Грузиядан шыққан дарынды балуан – Лаша Шавдатуашвили екінші рет Олимпиада шыңын бағындырғысы келеді. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 66 келіде топ жарған 20 жастағы Лаша биыл Будапештегі әлем чемпионатында 73 келіде қарсылас шыдатқан жоқ.

Дидар Хамза

Дидар Хамза (81 келі) осымен екінші Олимпиада ойындарына квота арқылы жолдама алды. Бұл жағынан Дидардың жолы болып тұр. 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Токиода оңай болмасы анық. Оның негізгі қарсыластарына тоқталып өтсек.

Бұл салмақта алтынды ешкім бермейді-ау деген нақты фаворит жоқ. Бірақ басты үміткерлер қатарында жапониялық Таканори Нагасэ, биыл әлем чемпионы атанған бельгиялық Маттиас Кассе, Грузияның жас балуаны Тато Григалашвили, 2019 жылғы әлем чемпионы Саги Муки (Израиль), ресейлік Алан Хубецов секкілді балуандар бар.

Ислам Бозбаев

Құрама сапында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында қатысқан жалғыз дзюдоист бар – ол Ислам Бозбаев. Теміртау қаласының тумасы биыл 30 жасқа толды. Бәлкім, отызында орда бұзып қалар.

Енді Исламның Токиодағы негізгі қарсыластарына тоқталып өтейік. Әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған Испанияның атынан қатысатын грузин ұлтының өкілі Николоз Шеразадишвили басты фаворит саналады. Ол екі дүркін әлем чемпионы. Исламды Будапешттегі біріншілікте тоқтатқан өзбек Давлат Бобонов та осалдар қатарынан емес.

Грузияның Олимпиадаға қатысатын қай балуанын алсаң да осал емес. Соның бірі – 90 келідегі Лаша Бекаури. 26 шілдеде 21 жасқа толатын Лаша биылғы Лиссабонда өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Ресейліктер Михаил Игольниковке сенім артады. Екі дүркін Еуропа чемпионы. Әзербайжаннан Мамедали Мехтиев қатысады. Сербия 2017 жылғы әлем чемпионы Неманья Майдовқа сенім артады.

Астанадағы әлем біріншілігінің жеңімпазы кореялық Квак Тонхан мен татами иесі жапон Сёитиро Мукайды да тізімнен шығаруға болмайды.

Галбадрах Отгонцэцэг Рио Олимпиадасында

Дзюдодан әйелдер құрамасында жалғыз балуан қатысады. Бұл 48 келіде ел намысны қорғайтын Отгонцэцэг Галбадрах. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері сол жетістігін қайталаса да, жаман болмас еді.

Галбадрах 2019 жылы Токиодағы әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген. Содан кейін жарақатына байланысты біраз жарыстарға қатыса алмады. Биыл әлем чемпионатында 1/8 финалда өзінің байырғы қарсыласы, моңғол Мунхбатын Уранцэцэгтен ұтылды.

Токиода 48 келіде басты фаворит – украин қызы Дарья Белодед. Екі дүркін әлем чемпионы. Оған тек Олимпиаданың алтыны жетпей тұр. Бойы да, қолы ұзын Дарья Жапонияда топ жаруды көздейді. Сонымен қатар 2021 жылғы Еуропа чемпионы косовалық Дистрия Красники, жоғарыда атап өткен өте тәжірибелі, әккі балуан моңғол Мунхбатын Уранцэцэг және жапон қызы негізгі фавориттер қатарында.

Дзюдо күресінен әзірге Олимпиада ойындарынан 2 күміс жүлдеміз бар. Алғашқысын 2008 жылы Пекинде Асхат Жіткеев (100 келі) еншілесе, 2016 жылы Риода Елдос Сметов (60 келі) қайталады. Осы жолы Токиода сол медальдардың саны молая түсе ме, ол жағын уақыт көрсетер.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте