ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Дзюдодан құрама бас бапкері Әлем чемпионатын қорытындылап, Олимпиадаға кімдер жолдама алғанын айтты

Дзюдо күресінен Венгрияның Будапешт қаласындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз 60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев күміс медаль жеңіп алды. Қалған спортшылар жүлдеден тыс қалды. Осыған байланысты Meta-ratings.kz тілшісі Бек Төлеуов дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиевпен сұхбаттасты.

Ғұсмар Қырғызбаев

Будпешттегі әлем чемпионатына 133 елден 727 балуан қатысты. Қазақстанның атынан 17 спортшы ел намысын қорғады.

Әлем чемпионаты туралы

Әлем чемпионаты өзінің деңгейінде өтті. Біріншілікте Олимпиада алдындағы соңғы рейтингтік ұпайлар үлестірілді. Біздің де бірнеше балуанымыз рейтингтегі көрсеткіштерін жоғарылатып алды. Мұның бәрі Олимпиадаға дайындық. Қазақстан құрамасы Будапештке ерекше құлшыныспен барды. Оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде өтті.

Ғұсман Қырғызбаев жайлы

Ғұсман әлем чемпионатында барын салды. Финалға дейін белдесулерінің бәрін сәтті өткізді. Тек шешуі кезеңде психологиялық тұрғыда дайын болмады ма, алтын жүлде бұйырмады. Оның үстіне, финалдағы қарсыласы Яго Абуладзе де өте ыңғайсыз спортшы. Мен оны бұрыннан білемін. Елдос Сметовпен де бірнеше рет белдесті. Күтпеген жерден әдіс жасап кететін әккі балуан. Тактикалық тұрғыдан мығым, сезімтал спортшы. Қазіргі кезде Елдоспен бірге осы Абуладзенің осал тұсын табатын дайындықтар жүргізіп жатырмыз. Өйткені Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластарымыздың бірі болары анық.

Ғұсманға өз басым ризамын. Өте жақсы балуан, бәлкім аздаған сәттілік жетіспей жүрген болар. Әйтпесе, әлем чемпионы атануға лайықты еді.

Ғұсман яқырғызбаев

Мағжан Шамшадин туралы

Мағжан бұған дейін жасөспірімдер, жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан. Осы жолы ересектер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін алқынбай шықты. Сосын әріқарай шамасы жетпей қалды. Оған жаттығуы кемшін түсті ме деп ойлаймын. Тәжірибенің аздығының да әсері бар. Қанша дегенмен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет күресіп тұр. Жалпы, көрсеткен өнері көңілімізден шыққанымен, жүлде алғанда ғой деп аздап өкінеміз.

Мағжанның болашағы алда деп білемін. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2024 жылы Олимпиада ойындары бар.

Мағжан Шамшадин

Елдос Жұмақанов туралы

Елдос 66 келіде жақсы күрескен еді. Қаншама жарыстарға қатысқан әлеуетті, тәжірибелі спортшы. Соңғы белдесуінде аяғынан жарақат алды.Нақтысын әзірге білмейміз. Өйткені МРТ-ға енді түседі.

Ислам Бозбаев туралы

Ислам кезінде100 келіге ауысқаны дұрыс па еді деп ойлаймын. Осы күні салмақпен біраз пробелмасы бар. Сондықтан 90 келіде күресу қиынға соғып жүр. Әйтпесе, тәжірибесі мол. Әдісі қойылған балуан. Әсіресе, тізеге отырып лақтыруды шебер орындайды.

Елдос Жұмақанов

Алдағы жоспар

Ендігі мақсат алдағы Олимпиада ойындары. Токиода балуандарымыз сәтті күрессе деп үміт етіп отырмыз. Спортшыларымыз еліміздің туын желбіретіп, әнұранын орындатса деп ойлаймыз. Әрбір жаттықтырушының арманы сол.

Олимпиадаға кімдер барады

60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Ерлан Серікжанов, 73 келіде Жансай Смағұлов, 81 келіде Дидар Хамза және 90 келіде Ислам Бозбаев барады. Олардың рейтингтегі ұпайлары Олимпиадаға баруға жеткілікті. Осылардың ішінде Дидар Хамза квотаға ілікті.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте