ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бокстан Белградтағы әлем чемпионаты. Қазақстан боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бокстан Сербия астанасы Белградқаласында өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан боксшыларыныңалғашқы қарсыластарына Meta-ratings.kz тілшісі тоқталып өтпек.

Қазақстан құрамасы

48 келі

Ең жеңіл салмақ 48 келідегі Теміртас Жүсіпов бірінші айналымда бос. Оданкейін Омер Ахметович(Сербия)/Мухаммет Унлу (Түркия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Егер әріқарайөтіп, ширек финалда екі дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Нoдиржон Мирзахмедовпен кездесуі мүмкін.

Сәкен

51келі

2021 жылғы Токио Олимпиадасының қолажүлдегері Сәкен Бибосынов үшін жеребе ауыр түсті. Бірден өзбек боксыныңтарихындағы ерекше спортшы Хасанбой Дусматовпен кездесетін болды. Қарсыласы –2016 жылы Олимпиада чемпионы атанған. Өзбекстан тарихындағы тұңғыш Вэл Баркеркубогының иегері.

Егер Хасанбайдан өте алса, Дипак(Үндістан) пен Азат Үсенәлиев (Қырғызстан) жұбыныңжеңімпазымен кездеседі. Әсіресе, Азат қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс боксшы.

54келі

Шымкенттік жас дарын Махмұд Сабырханәлем чемпионатында 54 келіде бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы – 2017 жылғыәлем чемпионатының қола жүлдегері кореялық – Инку Ким. Жерлесіміз алғашқыкездесуін сәтті өткізсе, Құрбан Байранбеков (Ресей)пен Макхейл (Шотландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Серік

57келі

Рио Олимпиадасының қатысушысы СерікТеміржанов моңғолиялық Энкх-Амар Хархуумен жолығады. Қарсыласы – 29 жаста.Моңғолия құрамасы сапында 2013 жылдан бері жүр.Сол жылы Қазандағы Универсиада ойындарының жеңімпазы атанған. Азиячемпионатының қола жүлдегері. Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) оны«қорғаныс шебері» деп атаған болатын.

60келі

Саматәлі Төлтаев алғашқы айналымда бос.Одан кейін Тамба Сонгор (Сьерра-Леоне)/Хунатип Пиднуч (Таиланд) жұбының жеңімпазыменкездеседі. Бұл топта 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері француз Софиан Оумиха бар. Оныменжерлесіміз ширек финалда кездесуі мүмкін.

63,5келі

Санатәлі Төлтаевқа жеребе бойыншамолдовалық Васил Чеботари түсті.

Абылайхан

67келі

Ұлттық құрама капитаны АбылайханЖүсіповтайпейлік Лин Ю-менкездеседі.

71келі

Әлем чемпионатына алғаш рет қатысқалытұрған Асланбек Шымбергеовтің жеребесі оңай соқпады. Отандасымыз біріншікездесуінде ирандық Фархад Моради Аташгахты жеңсе, бірден өзбек боксшысы ШахрамГиясов күтіп тұрады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлемчемпионы бұған дейін Абылайхан Жүсіповтен екі рет басым түскен. Оның алдында РиоОлимпиадасында Данияр Елеусіновке есе жіберді.

75келі

Нұрқанат Райыс черногориялық Стефан Савковичке қарсылас атанды.

Нұрбек және Айбек

80 келі

Нұрбек Оралбай жарысты 1/16 финалдан бастайды. Алғашқы қарсыласы – Исаиас Фильо (Бразилия).

86 келі

Әлем чемпионатына үлкен дайындықпен кеткен Бек Нұрмағанбет те тағы бір бразилиялық Кено Мачадомен жолығады. Одан кейін Лакша (Үндістан) мен Ким (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

92 келі

Оралбайлардың екіншісі, яғни Айбек Оралбай польшалық Матеус Петр Березницкипен келесі кезеңнің мәселесін шешуге тырысады. Оны өтсе өзбек Мадияр Саидрахимовпен жолығады.

+92 келі

Нұрлан Сапарбайға алғашқы айналымда индонезиялық Аюб Гадфа Дрисси Ел Аиссаоуи түсті.

Әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді. Белградта 105 мемлекеттен 650 боксшы келген. Жеңімпаз бен жүлдегерлер қаржылай сыйақы беріледі

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте