ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бақтияр Артаев: «Еділов пен Сәрсекбаев құрамаға келсе, бір жылда нәтиже көрсете алмайды»

Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы, Qazsport арнасына қонаққа келіп, Токио Олимпиадасындағы сәтсіздікке қатысты және алдағы құраманың болашағына байланысты сауалдарға жауап берді. Артаев жақында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті әрі мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалған. Осы ретте Meta-Ratings.kz сұхбатта айтылған маңызды ойларды жинақтаған еді.

Бақтияр Артаев

Токиоға барған құрам жайлы

Елімізде 19 млн халық болса, соншалықты бокс сарапшысы бар. Бәрі ақыл айтады. Иә, алтын күткеніміз рас. Бірақ жігіттерді қазір сағын сындырмай, қайта қолдайық. Сөз сүйектен өтеді. Ауыр сөз жазбайық. Токиоға барған құрамға қатысты сын айтып жатқандар бар. Алайда бокста жолдама жекелеген боксшыға беріледі. Сондықтан өзгерте алмаймыз. Олардың бәрі жолдаманы 2020 жылы алып қойған. Әсіресе, үш салмақ жайлы жиі айтлып жүр. Оның бәрін білеміз.

Қазір бокс барлық елде дамып кетті. Біздің кезіміздегі бокспен салыстыруға келмейді. Біз Куба, Өзбекстанмен бәсекелесіп жүргенде Бразилия, Англия секілді елдер алға шығып кетті. Бірақ Токиодағы көрсеткіш бізде бокс өлді дегенді білдірмейді. Кезінде Бейжіңде Куба да алтынсыз қайтқан. Өзбекстан да 16 жыл бойы бокстан алтын ала алмады. Бірақ олар мұнымен тоқтаған жоқ. Кемшіліктен қорытынды шығарып, алға ұмтылды.

Токиоға барған боксшылар

Сербиядағы әлем чемпионатына кәсіпқой бокста жүргендер баруы мүмкін

Алда Сербияда бокстан өтетін әлем чемпионаты келе жатыр. Біз қазіргі таңда кәсіпқойға ауысқан жігіттермен келіссөз жасап жатырмыз. Бұйырса, алдағы әлем чемпионатында, одан кейін Париж олимпиадасында кәсіпқойдағы боксшыларымыз ұлттық құрама сапынан көрінуі мүмкін. Қазір олардың еңбекақы мәселесін шешіп жатырмыз. Сондай-ақ Сербиядағы додада ел есімдерін атап жүрген боксшыларға да мүмкіндік беріп, сынап көреміз.

Айтпақшы, әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға АИБА 100 мың доллар тігіп отыр. Бұл бұрын-сонды болмаған жағдай. Екінші орынға 70 мың, үшінші орынға 50 мың доллар беріледі.

Әуесқой бокста қаржы аз болған соң, көбісі кәсіпқойға жатыр. Сондықтан оларды ынталандыру үшін осындай әрекеттер жасалынуда. Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің де арнайы сыйлығы бар.

Тұрсынғали Еділов

Тұрсынғали Еділов, Бақыт Сәрсекбаев бір жылда ешқандай нәтиже көрсете алмайды

Осы күні пікір айтып жатқан әріптестерім көп. Боксшылардың техникалары дұрыс емес дегенді де естідім. Шын мәнінде олай емес, барлығы орнында. Жігіттердің техникаларына мін тағуға болмайды. Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатында жеңіске жеткенде «Марқұм Бекзаттың жолын беріп, Олимпиада чемпионы атансын» деп жатыр еді, ал Олимпиадада жеңілгенде жерден алып, жерге салғандар көбейді. Боксшы деген үнемі бабында тұра бермейді. Робот емес қой.

Тұрсынғали Еділовті бәрі қайта-қайта жарнамалап жатыр. Ол кісінің Сиднейде екі алтын алып келгені рас, бірақ ол кездегі бокспен қазіргіні салыстыра алмайсың. Ұлттық құрамаға сол Тұрсынғали ағамызды, Бақыт Сәрсекбаевты, Ермахан Ыбырайымовты алып келейік, біреуі бапкер, біреуі көмекші болсын. Алайда бір жылдың ішінде ешқайсысы ештеңе шығара алмайды. Айтқандары құр сөз болып қалады. Істеп жұмысты мамандарына берейік.

Ғалымжан Кенжебаев

Кенжебаев орнында қалу керек пе?

Бұл екінші әңгіме. Қарастырайық, ойланайық. Бір жақты шешім қабылдаған дұрыс емес. Кінәліні іздеп, біреудің «басын шабу» болмайды. Ойланып, сараптай келе оң шешім қабылдай алсақ, жарар еді.

Қандай өзгерістер күтіп тұр?

Енді ұлттық құрамадағы боксшылардың дайындығы мен тамақтану жүйесін өзгертеміз. Бұрынғыдай күніне үш рет жаттығу жасап, оларды сандалта беру түк абырой әпермейді. Жүйелі дайындық болса ғана зор жетістікке жете аламыз. Біз қазір боксшыларды «жартылай мүгедекке» айналдырдық. Олардың рингке шаршап, шалдығып шығып жүргені сондықтан. Сол үшін боксшылардың дайындығын ғылыми тұрғыдан жүргізу керек. Кеңестен қалған методиканы өзгерту қажет.

Министрлікті екіге бөлу керек

Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу қажет. Сосын жергілікті жердегі спорт басқармаларын министрлікке бағынышты ету керек. Өйткені, әкімдіктер бөлген қаржы спортқа жетпей қалады. Негізі басқармаларда ақша бар, өкінішке қарай ол қаржы басқа мақсатқа жұмсалуда. Мен өзім кезінде Жамбыл облысында спорт басқармасын басқарғанмын. Жақсы білемін.

Токиодан сегіз қола алдық. Отандық спортшыларды дайындауға 300 млн доллар жұмсалған. Бұл деген сұмдық қой. Әрбір жүлдегерді дайындауға 65 млн доллардан кеткен. Осының бәрін сараптау үшін арнайы сараптама тобын құру қажет.

Нәтиже бермейтін спорт түрлеріне қаржы бөлуді тоқтату керек

Біздің елімізде 178 спорт түріне қаржы бөлінеді екен. Шын мәнінде нәтиже көрсетіп отырған 7-8 спорт қана. Мысалы, футболды алайық. 30 жылдың ішінде футбол ешқандай нәтиже берген емес. Футболшы достарым ренжімесін, бірақ кәсіби футболға бөлінетін қаржыны тоқтататын уақыт келді. Нәтиже бермейтін спорттың барлығына сондай шара қолдану қажет.

«Кейбір өңірлердің бокс федерациясы ұйқыда»

Батыс, Шығыс, Солтүстік өңірлердегі бокс федерациялары қалың ұйқыда. Алдымен осындай жергілікті жерлердегі федерациялармен жұмысты жандандырамыз. Басқарма тарапынан істелінетін жұмыс бөлек, өңірлік федерация тарапынан істелінетін жұмыс бөлек қой. Кейбір өңірлерде бапкер жоқ. Ауылға барып ешкім жұмыс істегісі келмейді.

Бапкерлерді де педагог мәртебесімен теңестіріп, оларды да «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы шалғай елдімекендерге жіберуіміз қажет. Ұлттық құрама аздап демалған соң міндетті түрде осы бағыттағы жұмыстарды қолға аламыз.

Авторы: Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте