ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Джордже Деспотович «Рубиннен» неге кетті?

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Джордже Деспотович «Рубинмен» қоштасты. Осының себебін Meta-ratings.kz тілшісі анықтап көруге тырысқан болатын.

Джордже Деспотович

Ресейге барып, екінші тынысы ашылған сербиялық шабуылшы ақыры Қазанның «Рубин» клубының ойыншыларымен қоштасты.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына «Барлығы үшін рахмет «Рубин»!» деп жазды.

Деспотович Татарстан астанасына 2020 жылдың жазында «Оренбургтен» еркін ойыншы ретінде ауысып келген. «Рубин» сапында осы уақыт аралығында 36 матчта 15 гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған. Бірақ клуб келісімшарттың аяқталғанын күтпей, футболшыны қосалқы құрамға жіберді. Сөйтіп, оның орнына «Локомотивте» ойнайтын беларусь Виталий Лисаковичті алды. Айтпақшы, туған күнінде Красноярскідегі түнгі клубта ішімдік ішіп көзге түскен Иван Игнатьев те қосалқы құрамға жіберілді.

Қазан командасында мұндай тәжірибе бұрын да болған. Бір кездері Динияр Билялетдинов, Владимир Дядюн, Янн М'Вила, Марко Ливайю, Благо Георгиев секілді ойыншылар бас бапкер Хави Гарсияның жоспарына кірмей, қосалқы құрамға жіберілген.

Ресейлік басылым «Спорт Экспресстің» жазуынша, Деспотович бас бапкер Леонид Слуцкиймен келіспей қалған. Бұл Мәскеудің «Динамо» клубымен өткен ойынннан кейін болған.

Джордже Деспотович

Клубтың ойыншыға артар басты кінәсі – жиі жарақат алуы мен қайта қалыпқа келуі болып отыр. Биылғы маусымда сербиялық шабуылшы жарақатына байланысты үш ай алаңға шықпаған. Тамыз айында аяғынан жарақат алса, қазанда табанын ауыртып алған. Соңғы жарақатын емдеу үшін 2-3 ай уақыт кетті. Тек жылдың соңында ғана жаттығуға қосылды.

Бұл жағдайға клуб басшылығы мен бапкерлер штабының көңілі толған жоқ. Өйткені былтырғы маусымда команданың үздік сұрмергені атанған шабуылшыдан сол жетістігін тағы қайталауды күткен. Бірақ Деспотович бірінші айналымда үмітті ақтамады. Чемпионатта 9 матчта пенальтиден соғылған бір голмен шектелді.

Сосын дәрігерлер жарақатынан айыға бастағанда жаттығуға қатысуға рұқсат берген. Алайда Деспотович дискомфорт болып тұрғанын айтып, бас тартқан. Кейін шиеленіс бас бапкермен жалғасты. Команда бірінші айналымда «Динамодан» жеңілген соң, Леонид Слуцкиймен келісей қалған. «Спорт Экспресс» басылымы оқу-жаттығу жиыны кезінде футболшы мен бапкер бір-бірімен амандаспағанын жазды.

Деспотович 20 қаңтарда «Факелмен» жолдастық кездесуде алаңға шықты. Осы матчтағы оның ойынына бапкердің көңілі толмаған. Клуб ешқандай шиеленістің жоқтығын алға тартқанымен, оны дубльге жіберуі бекер емес екені белгілі.

Джордже Деспотович

Деспотовичті дубльге жіберудің өзіндік себебі бар. Яғни футболшыға жаңа клуб табу үшін қысым жасауға тырысқан. Егер келісімшарт біржақты бұзылатын болса, Қазан клубы 1,5 миллион еуро төлеуі тиіс. «Рубин» олай шығындалғысы жоқ.

Қаңтар айының басында сербиялық шабуылшының «Астанаға» оралуы мүмкін екені айтылған. Бірақ елорда командасының 4 наурызда 30 жасқа толатын футболшыға сұраған қаржысын төлеуге дайын емес болып шықты.

Кеше «Астананың» бас директоры Тастанбек Есентаев клубтың қызығушылық танытқанын жоққа шығарып, жай ғана сыбыс екенін айтты.

Жалпы, Деспотовичтің «Рубиндегі» жылдық жалақысы 1 миллион евроны құрайды. Келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Сондықтан әлі 1,5 миллион евро табуға мүмкіндігі бар. Ол осындай мүмкіндіктен айырылғысы жоқ.

Қазақстанда дәл қазір мұндай қаржы Вагнер Лав кеткеннен кейін ешкімге төленбесі анық.

Джордже Деспотович

Сербиялық шабуылшы Қазақстанға 2015 жылы келген. Сол кезде Талдықорғанның «Жетісу» командасы «Црвена Звездадан» жалға алды. Одан кейін «Қайрат», «Астана», «Тобыл» клубтарында ойнады. 2018 жылы Ресейдің «Оренбург» клубына ауысып, кейін осы команданың көшбасшысына айналды. Кейбір матчта алаңға капитан ретінде шығып жүрді.

Футболшы бұған дейін сұхбаттарының бірінде «Қазақстан менің жүрегімде. Маған көп көмегі тиді. Әрине, жағдай оңай емес. Тіпті, кейбір алаңдарда мүлдем футбол ойнауға болмайды. «Қайрат» пен «Астанада» жағдай тәуір. Бұл екеуі – Қазақстандағы ең бай командалар. Ал «Жетісуда» жаттығуда ойыншылар Месси, Роналду деген жазуы бар формалармен жүретін. Мен мысалы, «Црвена Звездадағы» жейдеммен жаттығу жасайтынмын» деп айтқан.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте