ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қайрат Сәтжанов: «Жалпы командалық есепте бірінші орын аламыз деп ойлаған едік»

Бокстан Қазақстан құрамасы Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатынан табысты оралды. Екі алтын, екі күміс, бір қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды. Чемпионаттан кейін құрама бапкері Қайрат Сәтжанов Meta-ratings.kz тілшісіне сұхбат берді.

Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы

– Әлем чемпионаты көңілімізден шықты. Бірақ мақсатымыз жалпы командалық есепте бірінші орын алу еді. Соңына дейін үміттендім. Өйткені 92 келідегі кубалық Хулио Сезар ла Круз жеңілгенде бізге бірінші орын бұйырар еді. Бірақ ол қарсыласына мүмкіндік бермей, осымен бесінші рет әлемнің үздігі атанды.

– Негізі Қазақстан Куба боксшыларынң нәтижелеріне қарамай да бірінші орын алуға мүмкіндігі болды ғой...

Иә, дұрыс айтасыз. Егер финалда Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржановтың (57 келі) екеуінің біреуі жеңгенде топ жаратын едік. Сол кезде үш алтын және күміс медаль арқылы олардан озатын едік.

– Серіктің қарсыласы жас боксшы болды. Оған жетіспеді?

Финалда психологиялық тұрғыда шаршап қалды. Бірнеше жекпе-жек өткізді. Оңайға соқпады. Ал физикалық тұрғыда дайындығы жақсы болды.

– Әлем чемпионатында байқағанымыз – ауыр салмақта әлі де проблема баршылық секілді?

– Ауыр салмақтағы боксшыларымыздың ешқайсысы жүлде алған жоқ. Енді Қазақстан чемпионатында біразын байқап көреміз. Жас боксшылар бар. Басқаларға да мүмкіндік береміз.

Қайрат Сәтжанов

– Осы әлем чемпионатында салмақ дәрежелері көбейді. Бұл жағдай қалай әсер етті?

– Біз қайта қуандық. Өйткені бұрын 80 келі мен 90 келінің арасы 10 келі болатын. Қазір 86 келі деген бар. Яғни осының ортасындағы салмақтағы боксшыларға жақсы болды.

– Украина, АҚШ, Жапония құрамалары 18 жастағы боксшыларын әкелгенін көрдік. Бізде де жастар арасында әлем чемпион атанғандары бар ғой. Неліктен апармадыңыздар?

– Теміртас Жүсіпов чемпион атанған 48 келіге Санжар Ташкенбайды апарғымыз келген. Ол биыл Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Бірақ оған рұқсат бермеді. Теміртас қарулы күштер арасында әлем чемпионы атанып келіп, мүмкіндік алды. Ол бір ай қалғанда оқу-жаттығу жиынына шақырылып, сол жақтан Белградқа алып бардық. Сенімді ақтады.

– Бек Нұрмағанбет (86 келі) жеңілген салмақта Сағындық Тоғамбайға мүмкіндік беру керек еді деп жатқандар бар?

– Оған кезек келеді. Жақсы талантты боксшы. Әлем чемпионатында біз ең мықтыларды апардық. Оқу-жаттығу жиыны кезінде спаррингтік кездесулер өткіздік. Сол кезде жеңгендері ғана Сербияға жол тартты.

Сұхбаттасқан: Бек Төлеуов.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте