ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қайрат Ералиев кәсіпқой боксқа ауысады. Мұхаммед Әлидің мәнерінде жұдырықтастын жігіттен не күтеміз?

Әуесқой бокстан 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиевтің енді кәсіпқой боксқа ауысатыны белгілі болды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілішісі 31 жастағы боксшының спорттық карьерасына көз жүгіртіп, кәсіпқой бокстағы мүмкіндігін бағамдап көрді.

Ералиев

BoxRec мәліметіне сүйенсек, ол 22 тамызда Қарағанды қаласында өзбекстандық Бахыт Абдурахимовпен кездеседі. Кездесу төрт раундқа есептелген.

Қайраттың есімі Лондоннан кейін танылды

Қайрат Ералиев 1990 жылы 8 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Оның боксшы ретінде есімі көпшілікке 2012 жылғы Қазақстан чемпионатында белгілі болды. Лондон Олимпиадасынан кейін ел біріншілігінде көптеген өзгерістер болды. Серік Сәпиев спортпен қоштасты. Данияр Елеусінов жаңа салмаққа ауысқан кезі болатын. Осы тұста 56 келі салмақта еліміздің жаңа чемпионы да анықталды. Оның есімі – Қайрат Ералиев.

Шымкенттік боксшы 1/8 финалда Жамбыл облысының боксшысы Жанболат Қыдырбаевты, ширек финалда Азат Айжүгіновты жеңді. Жартылай финалда Мұхит Амантаевтың осал тұсын тапса, финалда алматылық Рустам Рустамовтан басым түсті.

Мырзағали Айтжанов және Қайрат Ералиев

Осыдан соң, сол кездегі ұлттық құрама бапкері Мырзағали Айтжанов Қайратты көптеген халықаралық жарыстарға апарды. Мысалы, 2013 жылы Иордания астанасы Амман қаласында Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың жетеуінде чемпион атанды, біреуі күміс жүлдеге қол жеткізді. Тек екеуі медальдан қалды. Оның біреуі – осы Қайрат Ералиев болатын. Отандасымыз ширек финалда үндістандық Шиве Тхапеден жеңіліп қалды. Қарсыласы кейін Азия біріншілігінде топ жарды.

Алматыдағы әлем чемпионаты

Ералиевтің халықаралық арендағы алғашқы үлкен жетістігі – Алматыдағы әлем чемпионатының қола жүлдесі.

23 жастағы боксшы сол жарыста алдымен шыққан тегі армян, Румыния атынан қаиысқан Разван Андреянды үйіне қайтарды. Одан кейін қырғыз Омурбек Малабековке мүмкіндік қалдырған жоқ.

Ширек финалда жерлесімізді кубалық Робейси Рамирес күтіп тұрған. Жасы кіші болса, атағы жер жарады. Лондон Олимпиадасында 52 келі салмақта топ жарған. Содан кейін жаңа салмаққа ауысқан. Бірақ Қайрат қарсыласынан қаймыққан жоқ. Қайта соққыларын жиі өткізіп, жеңіске жетті.

Бір қызығы, Рамирес ешқашан әлем чемпионатында жүлде алмаған. Есесіне, екі дүркін Олимпиада чемпионы.

Алайда Ералиевтің әлем чемпионатындағы жорығы жартылай финалда тоқтады. Әзірбайжандық Джавид Челебиевпен кездесуде қарсыласына есе жіберді. Сөйтіп, қола жүлде еншіледі.

Мұхаммед Әлидің мәнеріндегі бокс

2016 жылы Рио Оимпиадасында Қайрат сол әлем чемпионатында жеңілген әзірбайжандық Джавид Челебиевпен тағы кездесті. Қазақ боксшысы өзіне қарата жасалған соққылардан аңызға айналған Мұхаммед Әлидің мәнерінде жалтарып, шеберлігін көрсетті. Қарсыласы қанша соққы жасаса да, оған дарыта алмады.

Қайрат

Кейбір елдің спорт комментаторлары қазақстандық боксшының қорғаныс стилін атақты боксшы Мұхаммед Әлиге ұқсатып жатты.

Үшінші раундта Челебиев қазақстандықты бұрышқа тақап, соққы жасай бастаған, Ералиев осы сәтте қарсыласына бірде-бір соққы жасатпай, шебер жалтарғанына көрермендер танданыстарын білдірді.

Шетелдік басылымдардың жазуынша, қазақ боксшысы аңызға айналған Мұхаммед Әлидің мәнерін көрсеткен. Ол 10 секундтың ішінде 23 соққыдан жалтарған болатын.

Чатчай Бутди мен Муроджон Ахмадалиевтерден жеңілуі

Қайраттың жиі жолын кескен боксшылардың қатарында Тайландтық Чатчай Бутди мен өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев бар.

Әсіресе, Азия ойындары, Азия чемпионаты секілді жарыстарда отандасымыз қола жүлдеден әрі аса алмады.

Көбінесе, ширек және жартылай финалдардан жарысты аяқтап жүрді. Мысалы, Бутдиден ең алғаш 2015 жылғы Азия біріншілігінің жартылай финалында жеңілді.

Одан кейін 2018 жылы Индонезия астанасы Джакартада өткен жазғы Азия ойындарының 1/8 финалында есе жіберді. Алайда бапкері Мырзағали Айтжанов бұл жолы шәкірті басым түсті деп санайды.

«Өз шәкіртімнің жекпе-жегіне көңілім толды. Ол кеше жаман жұдырықтасқан жоқ. Барынша ел намысын абыроймен қорғауға тырысты. Қарсыласынан үш раунд бойы басым болды. Өкінішке қарай, төрешілер шешімі басқаша болды. . Қытай, жапон спортшылары да, бапкерлері де бізге Қайраттың қарсыласының жеңісіне күмәнмен қарағанын айтты. Бірақ, ол да осал боксшы емес, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы. Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жүрген боксшы», – деген болатын М.Айтжанов.

Қайрат

Ал Муроджон Ахмадалиевтен 2015 жылы әлем чемпионатының және келесі жылы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында ұтылды.

Спорттық карьерасындағы басты жетістік

Бразилиядағы Олимпиадан кейін ұлттық құрамада аз-кем өзгерістер болды. Данияр Елеусінов, Иван Дычко секілді жүлде алған жігіттер құрамамен қоштасты. Ал Қайрат 2017 жылы Гамбургтегі әлем чемпионатына тәжірибелі боксшының бірі ретінде барды.

Германияда ол бапкерлер мен жанкүйерлер сенімін ақтады. Алдымен мексикалық Кристофер Флорес Маганды жеңсе, одан кейін өзбек Муроджон Ахмадалиевтен екі рет кеткен есесін қайтарды. Ширек финалда шаршы алаң қожайыны Омар Эль-Хаганы, жартылай финалда ағылшын Питер Макгрейлден басым түсті. Ал финалда биыл Токио Олимпиадасында күміс жүлде алған АҚШ боксшысы Дюк Раганды қапы қалдырды.

Бұл титул оның спорттық карьерасындағы әзірге ең үлкен жетістігі.

Қола жүлдегер

Соңғы жылдардағы сәтсіздіктер

Соңғы жылдары Қайрат көптеген жарыстарда жеңіле бастады. Халықаралық додалардан жүлдесіз келіп жүрді. Мысалы, 2019 жылы әлем чемпионатында тағы бір өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловтан айласын асыра алмады.

Қазақстан Президентінің кубогының жартылай финалында алматылық Рустам Рустамовке есе жіберуі де біраз әңгіме болды. Осыдан соң, ұлттық құрама бапкерлері Токио Олимпиадасының іріктеу турниріне павлодарлық Серік Теміржановты апарды. Ол Аммандағы лицензиялық турнирде жолдама алып, Ералиев спорттан кетуге шешім қабылдады.

Кәсіпқой бокс

Бір жыл бұрын әуесқой бокстан кеткен Қайрат енді кәсіпқойға бет бұруға шешім қабылдаған екен. Әрине, 31 жасында кәсіпқой боксты бастап, әлем чемпионы атану қиын. Бірақ Қайраттың стилі кәсіпқой боксқа келеді. Оның Мұхаммед Әлидің мәнерінде жұдырықтасуы да біраз мәселені аңғартса керек. Егер кәсіпқой бокста жетістікке жеткісі келсе, алдымен дұрыс промоутер мен менеджер табу қажет. Әйтпесе, көптің бірі болып, рейтингтік жекпе-жектерден әрі аспауы ықтимал.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте