ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» «Қайраттан» 12 ұпайға алда келеді, «Тобыл» «Интердің» ерлігін қайталауға ниетті. ҚПЛ алғашқы айналымы несімен есте қалды?

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші айналымы аяқталды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі Бек Төлеуов алғашқы 13 турдың қорытындысы бойынша назар аударуға тұрарлық детальдарға тоқталып, қысқаша сараптама жасады.

"Астана" футбол клубы

«Астана» жеке-дара көш бастап тұр

«Астана» 33 ұпаймен турнир кестесінің көш басында тұр. Екінші орындағы «Тобылдан» 5, үшінші орындағы «Қайраттан» 12 ұпайға ұзап кетті. Алғашында елорда командасы дәл осылай алға шығады деп ешкім күтпеген болар. Өйткені жыл басында бірнеше ойыншысымен қош айтысқан соң, «Астана» клубына сенім артқандар аз еді. Бірақ Андрей Тихонов әзірге өз міндетін жақсы атқарып жатыр. Бірінші айналымда команда бірде-бір ойында жеңілген жоқ. 13 матчтың 10-ында үш ұпайға қол жеткізді.

Дегенмен команда осы қарқынын маусым соңына дейін жалғастыра ала ма? Бұл үлкен сұрақ. Жақын арада армениялық қорғаушы Вараздат Ароян Испания чемпионатына ауысатын болды. Онсыз да Тихонов қосалқы құрамдағы ойыншылардың аздығын айтып жүрген еді. Егер трансфелік терезе ашылғанда сапалы футболшылар алмаса, қоңыр күзге дейін бірінші орыннан айырылып қалуы ықтимал. Оның үстіне, «Астана» Конференция лигасына да қатысады. Екі фронтта ойнау қиынға соғады.

Бабаян «Тобылды» 11 жылдан кейін чемпиондыққа жеткізе ала ма?

Биыл Еуропаның біраз біріншіліктерінде чемпиондар ауысты. Мысалы, Италияда «Интер» араға 11 жыл салып топ жарды. Испанияда «Атлетико» 7 жылдан кейін, Францияда «Лилль» 10 жылдан кейін, «Португалияда «Спортинг» 20 жылдан кейін жеңімпаз атанды. Қазақстанда осы жылы «Тобыл» чемпиондыққа қол жеткізе ала ма? деген сұрақ туындайды.

Командада әзірге барлығы жақсы секілді. Тек көшбасшылармен кездесуде үш ұпайға қол жеткізе алмай жүр. «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» үшеуімен де тең түсті. Осындай ойындарды ұтатын болса, «Тобылдың» араға 10 жыл салып, Қазақстан біріншілігінде топ жару мүмкіндігі бар. Әзірге бірінші орындағы «Астанадан» 5 ұпайға қалып келеді.

"Қайрат" футбол клубы

Шпилевский қай уақытқа дейін шыдайды?

Былтыр бір локацияда өткен ел чемпионатында «Қайратқа» тең келетін ешкім табылмаған. Ал осы маусымда Алматы командасы «Атырау» және «Ақжайықтан» ұтылып қалды. Сонымен қатар 6 ойында тең ойнауға мәжбүр болды. Жаңадан алған ойыншыларынан тек Хосе Канте ғана голдарын соғып, сенімді ақтап жүр. Бір кездері «Боруссия Дортмунд» қақпасына дубль жасаған Штрели Мамба әзірге қатырып жатқаны шамалы.

«Қайраттың» чемпиондығына зор үлес қосқан орталық алаңдағы Яцек Гуральскидың орнын басатын ойыншы табылмай тұр. Шабуылды үйлестіріп, қарсыластан доп тартып алу жағынан польшалық легионердің деңгейі басқалардан жоғары екенін былтыр байқағанбыз. Гуральски жарақатына байланысты күзге дейін алаңға шыға алмайды.

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «әні кетеді», «міне кетеді» деп жүргендер көп. Тіпті, оның орнын Құрбан Бердыев басады дегендер болған. Шынымен де Бердыев «Қайратқа» келді. Бірақ әзірге бас бапкер емес. Бақылаушылар кеңесі төрағасының кеңесшісі. Былайша айтқанда Боранбаев шешім қабылдар кезде ақылдасып тұрады. Ол мұндай қызметті Ресейде «Ростов» пен «Рубинде» атқарған. Егер Шпилевский орнын босатып жатса, бас бапкер болып қалуы да ықтимал.

«ҚПЛ-дағы үздік клуб» неге үздіктер қатарында жоқ

Әрбір тур сайын футболшылар шешінетін бөлмеге барып, «Премьер-лигадағы ең үздік клуб» деп айғайлап жүретін Бақтияр Байсейітов мырзаның «Ордабасы» командасы әзірге үздіктер қатарында жоқ. Команда «Тараз», «Каспий», «Атырау», «Ақтөбемен» ұпай бөлісті. Оңтүстік дербиінде өз алаңында «Тұраннан» жеңілді.

Премьер-лигадағы бюджеті жағынан алғашқы үштікте тұрған команда үшін ұят жағдай. «Каспиймен» кездесуде допқа иелік көрсеткіші 34 пайыздан әрі асқан жоқ. Алматыда 10 футболшымен қалған «Қайраттан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Шымкентте «Астанамен» өткен матчты да осы қатарға қосуға болады.

Ардагер футболшы Юсуп Щадиев «Ордабасыда» мүлдем ойын жоқ екендегінін, қайта былтыр Цхададзенің тұсында бұдан жақсы болған деп санайды.

«Ақжайық» пен «Тараздың» тосынсыйы

Бірінші айналымда жанкүйерлердің танданысын тудырған екі команда бар. Алғашқысы – «Тараз». Армениялық маман Вардан Минасян легионері аз командамен мааусым басында бірнеше ойында жеңіске жетті. «Қайрат» пен «Ордабасымен» тең түсті.

Ең бастысы, жергілікті ойыншылармен де нәтижеге жетуге болатынын байқатты.

«Ақжайық» премьер-лигадағы 14 команданың ішінде ең аз бюджетпен үздіктер қатарында жүр. Ұпай саны жөнінен «Қайратпен» қатар орналасқан. Бұл жерде бас бапкер Владимир Мазярдың еңбегін айтпай кетпесе болмас. Команда құрамында тек бұрын КСРО аумағынан шыққан елдердің ойыншылары өнер көрсетеді. Яғни Қазақстан, Украина, Ресей, Беларусь футболшыларына сенім артады.

«Шахтердің» саясатын түсіну мүлдем қиын

Қарғандының «Шахтері» былтыр төртінші орын алған. Енді Конеференция лигасына қатысады. Бірақ «кеншілердің» жетістіріп жүргені шамалы. Бас бапкерді де ауыстырып көрді. Бірақ түк шықпады. Соған қарамастан топырлатып шетелдік ойыншыларды жинап алған. Басында 15 легионер болған. Украиналық Евгений Павлов кеткен соң, 14-і қалды.

Олар:

Давид Атанаскоски (Македония)

Гидео Баа (Гана)

Андрей Буйволов (Ресей)

Иван Граф (Хорватия)

Джозеф Ада (Нигерия)

Зиги Бадибанга (Бельгия)

Михаил Бакаев (Ресей)

Вук Митошевич (Ресей)

Саломон Удо (Армения)

Арсен Хубулов (Ресей)

Виталий Балашов (Украина)

Алан Чочиев (Ресей)

Мартин Тошев (Хорватия)

Евгений Гапон (Ресей).

Осыдан екі жыл бұрын «Шахтердің» атқарушы директоры Ерлан Оразаев «Шахтерде» жергілікті ойыншы болады деген. Қазір мүлдем оны байқап жүрген жоқпыз.

Алексей Бага

Баганың бағы жанбады

«Ақтөбе» бірінші лигадан оралған соң, алдарына үлкен міндет қойды. Клуб басшылығы еурокубокқа жолдама беретін орындардың біріне ілігуді көздеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін беларусь бапкері Алексей Баганы алдырды. 40 жастағы жаттықтырушы Беларусь пен Литвадан кейін Қазақстанда жетістікке жетуді көздеді. Алайда бәрі өзі қалағандай болмады. Амал жоқ, Бага қызметінен кетті. Жақында клуб басшысы Артур Смағұлов жылы креслосымен қоштасты. Еліміздің бес дүркін чемпиондарына директор болып, ҚФФ-да қызмет атқарған Ерлан Жамантаев тағайындалды. Әзірге жаңа бас бапкер келген жоқ. Уақытша бұл міндетті Владимир Зеленовский атқарып жүр. Команда өз алаңында «Тұраннан» жеңілген соң, ол кейбір футболшылар кәсібін ауыстуры керек деп мәлімдеме жасады. Соған қарағанда команданың ішкі атмосферасы да дұрыс емес. Жағдайды жаңа бас бапкер келіп реттемесе, «Ақтөбе» бірінші лигаға қайта түсіп қалуы ықтимал.

«Қайсар» Әбілдаевті қашанға дейін ұстайды?

Қызылорда клубындағы жағдай да мәз емес. Биыл облыс әкімдігі «Қайсардың» бюджетін қысқартып, жергілікті ойыншыларды көбейтуді тапсырған. Осы мақсатта бас бапкер қызметіне қазақстандық бапкер Сұлтан Әбілдаев тағайындалған. Бірақ ол ең болмаса турнир кестесінің ортасында жүретін команда жасақтай алмады. Жанкүйерлердің бас бапкерге ғана емес, клуб басшылығына да өкпелері қара қазандай. Серік Досманбетов былтыр Стойчо Младеновпен бірге кете ме деп үміттенгендер болған. Алайда ондай өзгеріске жетпеді.

«Қайсар» бірінші айналымда бар-жоғы 7 ұпай жинады. Егер осылай жалғаса берсе, жағдайдың жақсармасы анық. Сондықтан командаға өзгеріс керек...

Қызыл-Жар - Атырау

«Каспий», «Қызыл-Жар», «Атырау» сенім үдесінен шығып тұр

Андрей Карпович былтыр «Оқжпетпеспен» премьер-лигадан түсіп қалғаны бар. Дегенмен биыл «Қызыл-Жардың» тізгінін ұстағалы ол қателіктерінен сабақ шығарғаны байқалады. Команда турнир кестесінің ортасында келеді. Әлі де біраз команданың жүйкесіне тиіп, ұпай жинауға қауқары жетеді.

«Каспий» бірінші айналымның қорытындысы бойынша алғашқы бестікке енді. Соңғы екі матчты тіпті 3:0 есебімен жеңді. Ойыншылар осы жылы бас бапкер Срджан Благоевичтің не қалайтынын түсінген секілді. Егер бұл қарқындарынан төмендемесе, еурокубокқа жолдама беретін орындардың біріне де ілігіп қалуы мүмкін.

«Атырау» бастапқы 4 ойында қарсыласқа есе жіберген. Одан кейін жағдайды түзей алды. Қазір жетінші орынға көтерілді. Бразилиялық Бруно, Брайандар команданы алға сүйреп жүр.

Әкіммен кездескен соң жағдай өзгерді

Премьер-лиганың дебютанты бұрынғы «Арыс» қазіргі «Тұран командасы мамыр айының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездескен. Осыдан соң, «Тұранның» жеңісті сериясы басталды. Бірден үш ойынды өз пайдаларына шешті. Әкіммен кездесу командаға шабыт берген секілді. Ал 13-турда сырт алаңға «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде 10-орынға көтерілді.

"Жетісу" футбол клубы

«Жетісудың» басты мақсаты – Премьер-лигада қалу

Алматы облысының әкімдігі Огайдың тұсында клубқа қаржыны аямады. Ал биыл бәрі қысқарды. Тіпті, футзал командасын да жауып тастады. «Жетісу Б» бірінші лигада жүрген еді, оны да жабуға мәжбүр болды. Енді премьер-лигадағы жалғыз «Жетісудың» да жағдайы мәз емес. Команда турнир кестесінің соңында. Бұл команданы 31 жастағы Ринат Алюетов есімді жас маман жаттықтырып жүр. Оған да қысым көп. Маусым соңына дейін қызметінен кетуі мүмкін дейтін бапкерлердің тізімінде жүр. Әйтеуір соңғы екі матчты жеңіп, «Қайсарды» қуып жетті. Соның арқасында Алюетов аздап болсын жағдайын жақсартты.

«Ақтөбеден» өз алаңында ірі есеппен жеңілген соң, команда ойыншылары өзара төбелесті деген ақпарат тараған. Александр Кислицын мен Бауыржан Тұрысбек жас ойыншыларды ұрғаны айтылған. Кейіннен бұл екі футболшыны клуб тізімнен алып тастады. Бірақ баспасөз қызметі төбелесті жоққа шығарды. Себебі басқа екенін хабарлады.

Бұл команда сапынан Адам Адахаджиев, Аслан Әділ секілді жас ойыншылар болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте