ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

88 ойында 141 гол соққан. «Реал» Мбаппенің орнына басқа суперталант тапты

Болашағынан үлкен үміт күттіретін 17 жастағы Юссуфа Мукокоға мадридтік «Реал» көз тікті. Осыған орай Meta-ratings.kz тілшісі бес жыл бойы есімі елдің аузынан түспей жүрген «Боруссияның» аладопты ұршықша иірген вундеркинді жайлы азды-кем ақпаратпен бөліспек.

Мукоко

Юссуфа 2004 жылы қараша айының 20-шы жұлдызы Камерун астанасы Яундеде дүние есігін ашып, 2014 жылы әкесінің ықпалымен Гамбургке қоныс аударады. Сөйтіп жергілікті «Санкт-Паули» клубына қабылданып, ол жерде екі жыл тер төгеді. Екі жыл ішінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, дортмундтық команданың көзіне ілінеді. 13 жасында 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы турнирде 15 ойын өткізіп, 33 гол соғады. 15 жастағы ойыншыларды бұйым көрмеген Мукоко 17 жасқа дейінгі жастар арасына қосылады. Ол жақта 28 ойында 50 допты қақпаға тоғытып, 14 жасында U-19 сапына ауысады. Өзінен бес жас үлкен ойыншылар арасында 23 матч өткізіп, 44 голдың авторы атанады. Жалпы жастар арасында барлығы 88 ойынға қатысып, 141 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген. Мұның бәрі бұрын-соңды футбол тарихында тіркелмеген нәтижелер еді.

Осылайша өте қысқа уақыт аралығында түрлі жас мөлшеріндегі деңгейлерді «қызылмен» бітіріп, 2020 жылдың қаңтарында «Боруссияның» негізгі құрамымен жаттығып бастайды. Ол кезде 15 жаста болған соң Бундеслигада ойнай алмады. Өйткені 16 жастан асқан ойыншылар ғана алаңға шыға алады деген ережесі бар Бундеслиганың.

Мукоко мен Холанд

Сөйтіп Юссуфа 2020 жылдың қарашасында Бундеслиганың 8-турында «Гертаға» қарсы ойынның 85 минутында покер авторы атанған Эрлинг Холандтың орнына алаңға шығып, Бундеслигада өнер көрсеткен ең жас ойыншы саналатын Нури Казым Шахиннің рекордын бұзды. Шахин 16 жас 335 күн дегенде «Вольфсбургке» қарсы кездесуде алаңға шықса, Мукоко 16 жасынан небәрі бір күн асқанда Бундеслига матчына қатысты. Сонымен қатар 2020 жылы Чемпиондар лигасында «Зенитке» қарсы матчта алаңға шығып, турнир тарихындағы ең жас (16 жыл 18 күн) футболшы атанып, Селестин Бабаяроның рекордын жаңартты.

Жас кездерінде Холанд пен Мбаппе, Месси мен Роналду да мұнша көп гол соқпаған, бірақ ересектердің майданына түскенде Мукоконың мылтығы атпай қалды. Соңғы екі жылдың 191 күнін жарақат салдарынан жасыл алаңнан тыс жерде өткізді.

Мукоконың бет-әлпеті, физикалық тұрғыдан Ер Төстікке ұқсап ерте дамығаны, құрдастарынан әлдеқайда мықтылығы «Юссуфа шын мәнінде мұндай жас емес, Африкада туған соң жалған құжат істетіп алған» деген сияқты әңгімелердің шығуына себеп болды. Германия футбол федерациясы осы жөнінде арнайы зерттеу де жүргізді. Бірақ Мукоконың жасын өзгертіп алғандығы жөнінде ешқандай ақпарат табылмады. Осы жайында әкесі: «Сеніңіздер! Бұл оның шынайы жасы. Мери оны 16 жасында дүниеге әкелді. Одан ерте болуы мүмкін емес. Оның жасында мен одан да ересек көрінгенмін», – дейді.

Мукоко

2019 жылы спорттық тауарлар өндіретін ірі NIKE компаниясымен арнайы келісімшартқа қол қойған. Келісім бойынша Мукоко Бундеслига һәм Чемпиондар лигасында алаңға шығатын болса, бас-аяғы 10 миллион еуро сыйақы алады. «Санкт-Паулиге» алғаш келген кезінде аяғына киер аяқ киімі де болмапты. Сол кезде командалас досы өзінің бір бутсасын Мукокоға беріпті. Ал қазір Юссуфа әлемдік брендпен арнайы келісімге отырған. Сол досының жақсылығын ұмытпады деген ойдамыз.

Германияда Мукиді «Жаңа Это’О» дегенмен, ол әлемге танымал ойыншы Лео Мессидің жанкүйері. Бір сұқбатында: «Ол басқалардан ерекше ойнайды. Мен оған ұқсағым келеді», – деген екен. Месси де өз жанкүйерін назардан тыс қалдырмаған. Мукоко 15 жасқа толғанда Аргентина құрамасының жұлдызды футболшысы өз жейдесін сыйлап, жеке құттықтау жолдаған.

Мукоко

Юссуфа 21 жасқа дейінгі Германия ұлттық құрамасында ойнайды. Өзі туып-өскен Камерун құрамасының намысын қорғауына да болушы еді, бірақ Мукоко Германия құрамасын таңдады. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бес матчқа қатысып, алты рет қарсылас қақпасын тулатты. Алайда матчтардың бірінде ауыр жарақат алып, немістер алтын жүлде алған 2021 жылғы U21 Еуропа чемпионатынан тыс қалды.

Қазіргі таңда әр ойыннан голсыз кетпей жүрген «Манчестер Ситидің» жас таланты норвегиялық Эрлинг Холанд: «Мен көрген 15 жасар футболшылардың ең үздігі. Оның жасында мен мұндай дүниелер істей алмағанмын», – деп таңданысын жасырмаған. Шынында да Мукоконың өз қатарластары түгілі өзінен әлдеқайда үлкендерден де асып түсер шеберлігі бар. Оң аяқ болсын, сол аяқ болсын таңдамай соққы жасай береді. Негізі оңақай, бірақ сол аяғымен көптеп соққы жасайды.

Осы күнге дейін «аралардың» негізгі командасы сапында 47 ойынға қатысып (оның алтауы ған бастапқы құрамда), жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Мукидің голдарына көз жүгіртсеңіздер, оның қауіпті сәтке бір-екі қимылмен ғана нүкте қоя алатынын, жақсы ашылатындығын байқайсыздар. Сондықтан бұл жігіт әлі өз сөзін толық айтқан жоқ. Бар болғаны 17 жаста, бір айдан кейін 18-ге толады.

Мукоко

El Debate дерегіне сенсек, мадридтік клуб жаздағы сәтсіздіктен кейін Килианды алуға қайта талпынбайды. «Реал» жанкүйерлерінің де Мбаппені қабылдай қоюы екіталай. Сол себепті оның орнына өзге «камерундықты» қатарына қоспақшы. Юссуфаның дортмундтық клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Флоринтино Перес мырза осыны пайдаланып, жаздан қалмай командасына қосып, вундеркиндтің трансферіне бір тиын да шығармауды көздеп отыр.

Мукоко Анчелоттидің қол астында басқа жағынан ашылып, «Боруссияда» таппаған бағын тауып, жарқыраған үсті жарқырауы мүмкін. Алайда оны «Реалға» оңай беріп қоятын ешкім жоқ. «Боруссияның» өзі де келісімшартты ұзартқысы келеді, сондай-ақ ПСЖ, «Манчестер Юнайтед» һәм «Бавария» қызығушылық танытуда.

Қай клубқа барса да 12 жасынан бері ел аузында болған қаны камерундық таланттың ересектер арасында да голды қарша борататын кезі келді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте