ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

37 ойында 64 гол соққан Холандтың інісі жайлы не білеміз?

Дүйім жұрт Эрлинг Холандтың ғаламат өнеріне таңдай қағып жүрген кезде, оның інісі Альберт Тяландқа көп көңіл бөлінбеуде. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі 18 жастағы форвард туралы азды-кем ақпаратпен бөліспек.

Тяланд

Альберт «Мольденің» екінші құрамында ойнайды. Тек 2021 жылдың қаңтарында дубль ойыншысы атанды. Оған дейін жастар командасының намысын қорғады, сонымен қатар «Брюне» U-19 сапында да біраз уақыт өткізді. Ол жақта Холандтың бауыры жасындай жарқырады: 2017 жылы сегіз ойында 20 гол соқса, 2018 жылы 12 матчта 20 рет қарсылас қақпасын дәл көздеп, 2019 жылы 31 кездесуде 33 мәрте көзге түсті. Ал 2021 жылы 37 матчта 64 гол соғып, көпшілікті өзі туралы айтуға мәжбүр етті.

Альберт Холандқа анасы жағынан туысқан. Жоғарыда айтқандай, жасы 18-де, ал Эрлинг қазір 22-ні алқымдаған.

«Эрлинг мені шабыттандырады. Оның қол жеткізген жетістіктеріне таңғалмасқа амал жоқ. Ол әр матчта жоғары деңгейдегі футболды көрсетеді. Мен мүмкіндігінше ұзаққа шапқым келеді. Мен жылдаммын және физикалық жағынан күштімін. Иә, Эрлинг менің мотиваторым», – дейді кіші Холанд ағасы туралы.

Альберт шынымен Эрлингтің жолымен жүруде. Өйткені Холанд та қазіргі деңгейіне дейін «Мольдеде» және норвегиялық «Брюнеде» ойнады. Холанд «Брюне» жейдесіндегі алғашқы матчын 15 жасында өткізсе, Тяланд – 16 жасында. Енді Тяланд «Зальцбургке» ауысып жатса, таңғалмаңыз.

БАҚ Альбертті «күшті және жылдам сұрмерген» деп бағалайды. Холандтың бауыры елдің жұлдызы болады деп күтілуде. 2021 жылдың жазында Тяланд өзінің кәсіби футболдағы дебюттік матчын өткізді. Форвард Норвегия кубогінің кездесуінде жасыл алаңда бар-жоғы жеті минут өнер көрсетті. Бірақ тұсаукесер голын соғуға осы да жеткілікті болды. Холанд секілді аяғы допқа тисе, гол салатын сойқан шабуылшы өсіп келе жатқандай.

Альберт Англия Премьер-лигасында ойнағысы келеді. Сұқбаттарының бірінде сүйікті командасы ретінде «Ливерпульді» атаған екен.

Холанд 18 жасында Transfermarkt порталы бойынша 5 миллион еуроға бағаланса, Тяландтың қазіргі құны 25 мың еуроны құрайды.

Альберт ағымдағы маусымда «Мольде» ІІ сапында бес матчта жасыл алаңға шығып, төрт рет мергендігімен көзге түсті. Ал Холанд «Манчестер Сити» жейдесінде барлық турнирлерде 13 ойын өткізіп, 20 гол соқты.

Тяланд алған бетінен қайтпаса, ағасының жасына жетпей топ-клубқа топ ете қалуы мүмкін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте