ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Лука Модричтің бағын ашқан, 2010 жылы «Тобылды» жеңген «Зриньски» - қандай қарсылас?

«Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговина елінің өкілі «Зриньскимен» кездеседі. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі қостанайлық клубтың қарсыласы жайлы ақпараттарды жинақтады.

Зриньски

1905 жылы құрылған «Зриньски» командасы Мостар деп аталатын қаланың намысын қорғайды. Бірақ аталмыш клуб өткен ғасырда бірде-бір трофей жеңбеді. Жаңа ғасырдың басталуымен бұл команданың бағы ашылды.

2003 жылы командаға «Реал Мадрид» клубының қазіргі ойыншысы, «Алтын доп» иегері Лука Модрич қосылады. Сол кездегі «Динамо Загребтің» 18 жастағы ойыншысы тәжірибе жинақтау үшін босниялық клубта бір жыл бойы жалдау шарты бойынша доп тепті. «Зриньски» сапында 22 матч өткізіп, 8 гол соққан Модрич 2004 жылы «Динамоға» қайта оралды.

Лука Модрич

2004 жылдан бері Босния чемпионатында 7 рет топ жарып, 1 мәрте ел кубогін жеңіп алды. Өткен маусымда «Зриньски» қарсыластарынан оқ бойы оза шауып чемпион атанды. Күміс жүлдеге ие болған «Тузла Ситиден» 27 ұпай көп жинады.

«Зриньски» клубы 2000 жылы Интертото кубогінде бақ сынап, еурокубоктегі дебютін жасады. Бірақ алғашқы кезеңде-ақ сәтсіздікке ұшырады. Одан кейін УЕФА кубогі, Чемпиондар және Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бірақ топтық кезеңде ойнау бақыты бұйырмады.

Бір қызығы, «Зриньски» 2010/2011 жылғы маусымда Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Тобылмен» кездескен. Қос матчта да 2:1 есебімен жеңіске жеткен босниялық клуб қостанайлықтарды жарыс жолынан шығарды.

Тобыл - Зриньски

Бұл клубты қазір босниялық бапкер Сергей Якирович жаттықтыруда. Бұған дейін хорватиялық «Сесвете», «Горица» және словениялық «Марибор» командаларымен жетістікке жетпеген 45 жастағы маман былтыр «Зриньскиді» чемпион етті. Ол босниялық клубты 2020 жылдың желтоқсанынан бері баптап келеді.

Якирович

Ал енді команданың құрамына тоқталайық. Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Зриньски» клубының жалпы құны 8,63 миллион еуроны құрайды. Ойыншылардың орташа жасы - 24,7. Команда сапында 16 легионер доп тебеді. Олардың 14-і Хорватиядан келген. Қымбат футболшыларының қатарында Неманья Билбия (1 миллион еуро), Игорь Савич, Матей Сенич (700 мың еуро), Иосип Чорлука, Марио Чуже (500 мың еуро) бар.

Билбия

Бұлардың ішіндегі Билбия өз бағасын ақтап тұрғандай. Өткен маусымда команда капитаны 33 гол соғып, Босния біріншілігінің үздік сұрмергені деп танылды. Чемпионатта 31 жастағы шабуылшымен бұл атақ үшін таласатын ешкім болмады. Босниялық футболшы үшін бұл маусым да сәтті басталды. Конференция лигасында «Тирана» қақпасына пенальтиден гол соқты және Босния Премьер-лигасының екі матчында екі рет мергендігімен көзге түсті.

Билбиядан бөлек, қауіпті ойыншыларының қатарында хорватиялық шабуылшы Никола Мандич бар. 27 жастағы футболшы өткен маусымда 29 ойынға қатысып, 8 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. 20 жастағы Мандичтің отандасы Нико Янкович те биыл команданың негізгі күшіне айналды. «Тирана» қақпасынан саңылау тауып, Босния чемпионатында 2 голдық пасты өз атына жазды. Марио Чуже мен Игорь Юкичті де қостанайлық клубтың ойыншылары назардан тыс қалдырмауы қажет.

Билбия және Юкич

Босния Премьер-лигасының жаңа маусымы шілде айының соңында басталды. «Зриньски» клубы алғашқы турда «Железничардан» жеңілгенімен (1:2), екінші турда «Леотар Требиньені» 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Былтыр ел чемпионы атанған Якирович шәкірттері биыл еурокубоктегі жорығын «Тобыл» секілді Чемпиондар лигасынан бастады. Бірақ алғашқы кезеңде молдовалық «Шерифтен» қос матчтың қорытындысы бойынша 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Ал Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Тиранадан» басым түсті (1:0, 3:2). Енді босниялық клуб Қазақстан чемпионына қарсы тұрмақ.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 4 тамыздан 5-не қараған түні Мостар қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте