ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Өзімді дәлелдеу үшін жүрек кедергі болмайды». Кристиан Эриксен футболға қайта оралды

Өткен жаздағы Еуропа чемпионатының матчында жүрегі тоқтап қалған Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен «Брентфордпен» келісім-шартқа отырды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі футболшының неліктен мұндай шешім қабылдағанын және соңғы кездері немен айналысқанын анықтап көрді.

Эриксен

Даниялық футболшының «Брентфордпен» келісім-шарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

«Сәлем, бұл Кристиан Эриксен. Мен «Брентфорд» ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Жұмысты тағатсыздана күтудемін. Барлығыңызды жақын арада көремін деп үміттенемін», - деді Эриксен.

Эриксен

Кристиан Еуропа біріншілігіндегі Финляндиямен болған матчтың алғашқы таймында (0:1) есінен танып қалды. Дәрігерлер футболшыға жедел көмек көрсетті, көп ұзамай Эриксен ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, даниялық ойыншының жүрегі уақытша соқпай қалған екен. Нәтижесінде, Эриксенге дефибриллятор орнатылды, бұл «Интермен» келісім-шартты бұзуға себеп болды. Өйткені Италияда футболшыларға кардиостимулятормен ойнауға рұқсат етілмейді, сондықтан тараптар өзара мәміле бойынша ынтымақтастықты тоқтатты. Осылайша, 2021 жылдың желтоқсанында футболшы еркін агент атанып, басқа клубтармен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды.

Жағымсыз оқиғадан бірнеше ай өткен соң Кристиан Данияның DR1 телеарнасына берген сұхбатында жағдайдың жай-жапсарын айтып берді.

«Мен допты алға асырдым, сол сәтте балтырдағы бұлшықеттерден аздап ауырсынуды сезіндім, көп ұзамай есімнен танып қалдым. Сол сәттің бәрі есімде. Жанкүйерлер мені ауруханаға алып бара жатқанда, атымды айтып, айқайлады. Оянғанда жай ғана белімді ауыртып алған шығармын деп ойладым. Ал жедел-жәрдем көлігінде бірнеше минутқа өлгенімді түсіндім. Мен мұны қасымда отырған дәрігерлердің әңгімесінен түсіндім», - деді Эриксен.

Кристиан Эриксен

Жартылай қорғаушы көлікте жатып, өзінің спорттық мансабын аяқтау туралы ойланғанын жасырмады:

«Сол жерде мен өзіме: «Енді ойнамаймын» дедім. Содан кейін бұл шешім туралы әйеліме де айттым. Еуропа чемпионатында мен Дания құрамасының қатысуымен өткен матчтарды ғана көрдім. Команданың жартылай финалға шыққанына қуаныштымын, бірақ мен соның бір бөлігі болғым келді. Ең бастысы, жағымсыз эпизодтан кейін мен алаңға шығып, жүгіре алатын болдым».

Кристианның мансабын жалғастыру туралы шешімін жанұясы қолдаған екен.

«Мен футболға мәңгі ғашықпын. Мансабымды жалғастыру туралы ниетімді отбасым қолдады. Егер жан-жарым «қайта ойнағаныңды қаламаймын» десе, жағдай басқаша болар еді. Сабрина менің жаттығу алаңына баруыма қарсы болмады. Ол менің қазір болмаса да, кейінірек футболға оралатынымды жақсы білді», - деді Кристиан.

Эриксен

Эриксен көп ұзамай өз отанына оралып, «Оденсе» клубында жаттыға бастады. Кейін Швейцарияға көшіп, жергілікті футболдың үшінші дивизионында өнер көрсететін «Кьяссо» клубында жаттықты.

«Менің мақсатым - Катарда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсету. Ұлттық құрамада қайтадан ойнай алатынымды дәлелдегім келеді. Бапкер менің деңгейімді бағалауы керек, жүрек бұған кедергі болмайды», - деді Эриксен DR-ге берген сұхбатында.

Эриксен

2022 жылдың қаңтарында Кристиан «Аякс» жастар командасының жаттығуына қатысты. БАҚ өкілдері Эриксенді амстердамдық клубқа ауысады деп болжады, бірақ агент сол сәтте футболшының Англияға қайта оралғысы келетінін айтты.

Кейбір сарапшылар Кристианның таңдауына аздап таң қалды, өйткені оған топ клубтардан да ұсыныс түскен болатын. Мәселен, «Тоттенхэмнің» бас бапкері Антонио Конте футболшыны өз командасынан көргісі келді. Дегенмен, жартылай қорғаушы мүлдем басқа шешім қабылдады. «Брентфордта» Эриксен үшін таныс адамдар өте көп. Клубтың бас бапкері Томас Фрэнк Кристианмен бірге Дания жастар құрамасында жұмыс істеген.

«Біз «Брентфордқа» әлемдік деңгейдегі ойыншыны шақырдық. Жеті ай бойы жаттықпаса да, көп жұмысты өз бетімен атқарды. Бірақ біз оның формасын жақсартуымыз керек және мен оның ең жоғары деңгейіне оралу үшін ойыншылармен және қызметкерлермен жұмысқа қайта оралуын асыға күтемін. Кристиан кез-келген матчтың нәтижесін шеше алады. Ол допты керемет қабылдап, қарсылас қақпасына қауіп төндіреді және бұрыштаманы да, айып добын да сәтті пайдаланады. Бұл қиын мәселенің шешімін табатын ойыншы. Эриксен киім ауыстыратын бөлмеде және жаттығу алаңында ойыншыларға өз көмегін тигізеді деген үміттемін», - деді Фрэнк клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Томас Фрэнк

Сонымен қатар командада Эриксеннің отандастары, атап айтсақ, қақпашы Йонас Лёссль, қорғаушы Мадс Расмуссен, жартылай қорғаушылар Кристиан Нёргор, Маттиас Йенсен және Мадс Бидструп өнер көрсетеді. Сондықтан жаңа команда мен Премьер-лиганың деңгейіне бейімделу қиындық тудыра қоймас. Бірақ ойыншының физикалық жағдайының қандай екені бәріміз үшін жұмбақ болып қала бермек.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте