ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қылмыскер болу - әп-сәтте». Бүкіл әлем Мейсон Гринвудпен байланысын үзуде

Қаңтар айының соңында «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Мейсон Гринвудтың өмірі тас-талқан болды. Бір сәтте талантты ойыншыдан қылмыскерге айналды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі жағдайдың мән-жайын анықтап көрді.

Мейсон Гринвуд

Қазақта «атың шықпаса, жер өрте» деген сөз бар. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? Ия, Гринвуд мұндай жолмен атын шығаратын футболшы емес еді. Оның алаңда көрсеткен өнеріне жанкүйерлер тамсанып, оны «Манчестер Юнайтедтің» болашағы ретінде көретін. Бірақ жағдай әп-сәтте өзгерді. Мейсонның мұндай жағдайға ұшырауы алғаш рет емес. Естеріңізде болса, былтыр Гринвуд пен Фоден Англия құрамасындағы дебютін тойлау үшін қонақүйге жеңіл жүрісті қыздарды шақырған болатын. Бірақ ол кезде оңай құтылған. Бұл жолы бәрі басқаша.

Гринвуд және Фоден

30 қаңтар күні Манчестер полициясы Гринвудтың үстінен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Олар бұл іске қатысты мынадай мәлімдеме жасады:

«Манчестер полициясы әлеуметтік желілерде тараған суреттер мен бейнелерден хабардар. Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр».

Сол күні кешке полиция Гринвудты тұтқындап, оны тергеу үшін полиция бөлімшесіне апарды. Daily Maily журналистері Мейсонның 3 ақпанға дейін тергеуде болатынын хабарлады. Бірақ 2 ақпан күні полиция ағылшын футболшысын кепілмен босатты. Ал Гринвуд бірден қауіпсіздігін ойлап, жеке күзет жалдады. Полицияның Гринвудқа ғана емес, оның көршілеріне де қояр бірқатар сұрақтары бар екен. Себебі ойыншы қазір тұрып жатқан үй бірнеше аптаға ғана жалға алынған. Бірақ жаңа көршілер Мейсон туралы жаман ештеңе айтпады.

Әзірге нақты шешім шыққан жоқ. Бірақ зорлау мен өлім қаупін тудырды деп айыпталған Гринвуд түрмеге қамалуы мүмкін немесе айыппұлмен құтылуы ықтимал.

Гринвуд

«Манчестер Юнайтед» дүкеннен ойыншыға қатысы бар барлық тауарларды алып тастады. Ал клубтың жанкүйерлері бұған дейін сатып алған Мейсон Гринвудтың нөмірі мен аты-жөні жазылған жейделерді тегін алмастыра алады. Яғни, олар мұның орнына кез-келген ойыншының киімін таңдай алады. Сондай-ақ клуб тергеу аяқталғанша шабуылшыны жаттығулар мен матчтардан шеттетті.

«Манчестер Юнайтед» ойыншыларына келсек, олар әлеуметтік желілерде Мейсонмен байланысын үзе бастады. 1 ақпандағы жағдай бойынша Гринвудтың Instagram парақшасындағы тіркелушілер тізімінен Давид де Хеа, Криштиану Роналду, Фил Джонс, Алекс Теллес, Поль Погба, Джесси Лингард, Фред, Маркус Рэшфорд, Эдинсон Кавани, Виктор Линделеф секілді ойыншылар шығып кетті.

Мұның ішінде, Лингардтың өкпесі қара қазандай. Себебі, команданың бас бапкері Ральф Рангник футболшыны басқа клубқа жіберуге дайын болған. Ал осы жағдайға байланысты Лингард клубта қалуға мәжбүр болды.

Гринвуд және Лингард

Лингард командада Гринвуд үшін қалды ма? Бір жағынан, иә, бірақ клуб басшылығы маған Лингардқа қызығушылық танытқан ешбір клубпен келісімге келе алмағанын хабарлады. Трансферлік терезе жабылатын кезде, басшылық Джессиді командада қалдыруды жөн көретінін айтты, сондықтан мен олардың ұсынысын қабылдадым», - деді Рангник бұл жағдай туралы.

Мұнда да бәрі Гринвудтан бас тарта бастады. Алғашқылардың бірі болып Nike компаниясы футболшымен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады. Caldbury деген кондитерлік компания да Гринвудпен байланысын үзді:

«Біздің серіктестігіміз жеке ойыншылармен емес, клубтың өзімен жасалған. Тергеу жүріп жатқан уақытта бұл ойыншының суреті ешбір өнімде бейнеленбейді. Біз жағдайды мұқият бақылауды жалғастырамыз», - деді компания өкілдері.

Ойыншыны тіпті бейне ойындардан да, атап айтсақ, FIFA 22 мен Pes 2021 Mobile секілді ойындардан алып тастады.

FIFA 22

Гарриет Робсон бұл жағдайдан кейін мәлімдеме жасамады. Ол өз парақшасынан сол мәселеге қатысты жарияланған жазбаларды тез өшіріп тастады, көп ұзамай оның Instagram аккаунты бұғатталды. Бірақ қыздың әкесі Алан Робсон бұл жағдайға қатысты мынадай түсініктеме берді:

«Кез-келген әке үшін қызының мұндай жағдайға ұшырағанын есту ауыр соғады. Полиция Гарриетті де тергеп, сұрақтар қойды, ол жағдайдың мән-жайын толық айтып берді және арыз жазды. Оның Instagram парақшасы бұғатталып қалды. Біз одан әлеуметтік желідегі фотолар мен видеоларды өшіруді өтіндік, бірақ тым кеш болды. Біз Мейсонды бұрыннан білеміз, ол соңғы екі-үш жылда біздің отбасымыздың бір мүшесіне айналды. Соңғы кездері олардың қарым-қатынасы нашарлап кетті. Қызым қатты күйзелді, бірақ олар бір-біріне қатты ғашық болды».

Гринвуд

Қазір полиция бұл іспен айналысып жатыр. Бұл жағдайдан кейін бүкіл әлем Гринвудтан теріс айналды. Бұл көңілсіз жаңалық футбол қауымдастығын дүр сілкіндірді және футболшының мансабы осыдан кейін кері қарай кетуі мүмкін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте