ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайрат» өз алаңында «Алашкертке» азуын батыра алмады

«Қайрат» Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Алашкертпен» өткен өз алаңыдағы алғашқы ойында армениялықтардан айласын асыра алмай, тең тарқасты. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі аталған матч туралы ойын ортаға салмақ.

"Қайрат" ФК

«Орталықтағы» кездесу бір сарында басталып, алматылықтар көптеп допқа иелік етіп, жылдам гол соғуға тырысты. 14 минутта Шушеначев 90 пайыздық мүмкіндікті пайдалана алмай, Огнен Чанчаревич Артур тепкен допқа тосқауыл бола білді. Осы шабуылдан кейін іле-шала Гүлжігіт Алықұлов Вагнер Лавтың пасынан соң айып алаңының ішінен тамаша соққы жасады, алайда сербиялық қақпашы тағы да сәтті өнер көрсетті.

Жалпы Шушеначевтің ойнына тоқталар болсақ, жиырмадан енді асқан қылшылдаған жас ойыншы қырықтың қамалын алуға жақын қалған Вагнерден де аз жүгіріп, прессингке де жиі бармады. Жасыл алаңда мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, бірнеше мәрте өзімен-өзі құлады. 20 минутқа жетпей шаршап қалғандай көрінді 23 жасар шабуылшы. Жүрісі ауырлап, жүгіруі қиындап, екінші қабаттаға доптарға таласуға да ниет білдірмеді. Сонымен қатар бірнеше тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады. Қысқасын айтқанда, жас талант жасындай жарқырай алмады.

Артур Шушеначев

Матчтың өзіне келер болсақ, 36 минутта Раде Дугалич әдеттегідей қорғаныста қателсіп, айып алаңының ішінде өрескел ереже бұзып, «Қайраттың» қақпасына пенальти белгіленлі. Дегенмен «паненка» арқылы гол соққысы келген Александр Глишичтің дегені болмай, доп қақпа бағанасынан қайтты және серпілген допқа дәл сол босниялық бірінші жетіп, қақпа торын тулатқанымен, гол есептелмеді. Көбісі бұл жерде «Алашкерт» аяқдопшысы ойыннан тыс қалды дегенімен, аталған жағдайда басқа ереже «Қайратты» кезекті ұятты жеңілістен сақтап қалды. Ол «Пенальти тебілгеннен кейін доп қақпа бағанасы немесе маңдайшасынан қайтса және қақпашыға тимесе, тепкен ойыншы бірден соққы бағыттай алмайды. Командалас әріптестері немесе қарсылас ұжымның ойыншысы тигеннен кейін ғана он бір метрлікті орындаған футболшы допқа жанаса алады» деген ереже. Бір қызығы, ойынның бас қазысы Алексей Кульбаков мұны бірден аңғармай, голды есептеп те жібере жаздады, дегенмен тәжірибелі Вагнердің бағанаға жармасып, зыр жүгіргені дәл сондай ереже бар екенін беларусьтік маманның есіне түсірді.

Вагнер Лав

Бразилиялық шабуылшы кездесуде гол да соқты, бірақ ойыннан тыс қалып, голы есепке алынбады. Сонымен қатар Арсен Буранчивтің баспен бағыттаған добы «Алашкерт» қақпасының бағансына тигенін де айта кеткен жөн.

Алматылықтар қақпасына да армениялықтар бірнеше қауіпті соққы жасай білді, бірақ, қуанышымызға орай, Покатилов оралып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Кім біледі, Стас болмағанда, жеңіліп те қалар ма едік?.. Қалай болғанда да «Қайрат» қайратын көрсете алмады. Арменияда дәл осындай сүреңсіз ойнын көрсетер болса, «Алашкерт» алынбас қамалға айналып, Еуропа лигасынан ұшып, Конференция лигасына қанағаттанардан басқа амалымыз қалмайтындай. «Бірнеше негізгі ойыншылары болмады» деп «Қайратты» ақтаудың ешқандай да мәнісі жоқ секілді. Ел чемпиондары оларсыз да, кем дегенде 1:0 есебімен «Алашкертті» тізе бүктіруі тиіс еді. Алайда алғашқы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, қос тарап 2015 жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде кездесіп, «Қайрат» өз алаңында 3:0 жеңіп, сырт алаңда 2:1 жеңіліп, қос матч қорытындысы бойынша 4:2 есебімен келесі раундқа өткен еді. Осы жолы да сол сценарий орын алып, оңтүстік астаналықтар плей-офф кезеңіне жолдама алады деген сенімдеміз.

Сондай-ақ «Қайрат» «Алашкертті» өтсе, «Рейнджрес» – «Мальме» жұбының жеңілгенімен Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде кездеседі Ал армениялықтардан айласын асыра алмаса, «Линфилд» – «Фола» жұбының жеңімпазымен Конференция лигасының плей-офф раундында күш сынасатынын да айта кеткен жөн.

Ал «Алашкертке» қарсы қарымта кездесу 12 тамыз күні Арменияның Ереван қаласында өтеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте