Қазақстан – Италия матчына болжам
Футзалдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. 3-тур ойындары үнемі тартысқа толы өтеді. Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі. Бұл ойын қалай өтетінін Ермұхамед Мәулен болжап көрген еді.
Қазақстанның жай-күйі
Қазақстан құрамасы Еуроны нашар бастады. Словенияға жеңіліп жатып, таразы басын теңестіріп кетті. Әйтпегенде ұпайсыз қалғалы тұрған. Ал одан кейін құрамаға бас бапкер Рикардо Кака мен Альберт Кнауб келіп қосылды. Бұл екеуінің Гронингенге дер кезінде жеткені тамаша болды. Құрама команда күш алып кетті. Финляндиямен болған матчтың екінші таймында жігіттер өз ойынын тапты. Бірінің артынан бірін голдар сала бастады. Дегенімен, Шыңғыс Есенаманов пен Альберт Ақбалықов бұл ойынға қатыспайды. Шыңғыс ковид жұқтырып алған, әрі кішігірім жарақаты да бар көрінеді. Ал Ақбалықов бірініші матчта тікелей қызыл қағаз алып, төрешілер корпусының қатаң жазасына ілікті. Соның салдарынан Альберт топтық кезеңде енді өнер көрсетпейді. Команда плэй-оффқа шықса, сонда қайта алаңға енбек. Қазақстан құрамасы енді оталып келе жатқан көлік секілді. Десе де, жүрісі әлі нақты қалыптаса қоймады. Осы ойынды жеңіп плэй-оффқа шығып алса, басқаша құлпыратыны анық.
Италияның жай-күйі
Италия құрамасы Қазақстан секілді бірінші матчта қиындықтарға тап болды. Жеңіліп жатып, Финляндия қақпасына соңғы минутта гол салып кетті. Солай таразы басын теңестіріп, бір ұпай еншіледі. Екінші кездесуде олар Словениямен ойнап, тағы да тең түсті. Ойын барысында керемет комбинациялар жасап, жеке шеберлікке салатыны бар. Бірақ, нәтиже оңтайлы емес. Демек, командаға тағы 1-2 матч керек деген сөз. Не де болса оларға Қазақстанды жеңу қажет. Жеңбесе үйіне қайтатыны анық. Сондықтан да, олар алаңға тек жеңіс үшін шығады. Артқа шегінуге жол жоқ. Демек, Италия бапкері нар тәуекелге барады. Неше түрлі тактикалар пайдаланады. Егер есеп тең болып жатқан жағдайда қақпашыны алмастырады.
Болжам мен бәс:
Көптеген букмекерлік кеңселер бұл матчта Қазақстан фоворит дейді. Алайда, мұндай матчта кімнің жеңетінін дәл табу қиын болады. Осының алдындағы нәтижелерге сүйеніп бәс тіге салу қиын. Себебі, бұл құрлықтық дода. Италияға өл-тіріл ұпай қажет. Қазақстанға да негізі тең нәтиже жетіп қалуы мүмкін. Менің ойымша есеп тең болады немесе бір команда тек бір ғана гол басымдылығымен жеңеді. Сондықтан да, мен Италияның +1,5 форасын алғым келеді. Яғни, олар жеңілсе де 2 доп айырмасымен жеңілмейді дегенге бәс тігемін.