Талдықорғандық «Жетісу» клубы бүгін Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы алғашқы жаттығуын өткізді және Анталияда кездесетін алғашқы қарсыластарын атады.
Қазақстандық клубтың қарсыласы ресейлік «Олимп-Долгопрудный» командасы. Ресейдегі үшінші дәрежелі КФЛ-де (ПФЛ) өнер көрсетеді. Ағымдағы маусымның 16 турынан кейін 38 ұпай еншілеп, көш басында келеді. Ресейлік ұжым кеше, яғни 5 ақпан күні қарағандылық «Шахтерге» 1:2 есебімен есе жібергенін де айта кеткеніміз жөн.
Ойын 11 ақпанға жоспарланған.