Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (8-2, 3 КО) өзінің Instagram парақшасында чемпиондық жекпе-жекте ұтылғаны жайлы жазды.
«Ақталатын еш себеп жоқ... Демек, мен дұрыс жұдырықтаспадым, аяқпен жақсы жұмыс жасай алмадым — сол үшін жазамды алдым... Демек, осылай болуы керек болған. Барлығыңыздан кешірім өтінемін. Мен мұны жігітше қабылдаймын», — деп жазды Дәукенов.
Естеріңізге сала кетсек, Дәулет сенбі күні Киевте (Украина) бірінші жартылай орта салмақтағы WBC (ABC) Continental тұжырымы бойынша чемпиндық жекпе-жекте Александр Абрамяннан (5-1, 2 КО) жеңілген болатын. 2018 жылдың шілдесінен бері Дәукенов жекпе-жектерінің барлығында ұтып келе жатқан болатын.