Hit Hard News тілшісі Дэн Фрост қазақстандық боксшы Данияр Елеусинов (10-0, 6 КО) жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
«Елеусінов — талантты боксшы. Кәсіпқой бокстағы жолын енді бастап жатыр. Маған сеніңіз, ол жартылай орта салмақта біраз адамның басына қиындық туғызады», — деп Фрост сенімді сөйледі.
Естеріңізге сала кетсек, Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізді. Ол қарсыласы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын. Қазақстандық боксшы рингке сәуір айында оралады деп күтілуде. Оның промоутері кіші Эдди Хирн Вирджилом Ортиспен (16-0, 16 КО) жекпе-жек ұйымдастырып берген болатын, алайда америкалық боксшының промоутерлері әзірге кездесу өткізгілері келмейтінін жеткізген.