Құрама Штаттарда қазақтың көк туын желбіретіп жүрген танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0-0) өзінің келесі жекпе-жегіне шықпайтынын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Америкада короновирустың өршуі салдарынан боксшының промоутерлері кездесуді Алматыда өткізуді ұсынған. Боксшы мен оның командасы бұл ұсынысты қуана қабылдаған болатын.
Кездесу 27 ақпанға жоспарланған. Алайда, дайындық барысында Жәнібек жарақат алып қалғаны, соның салдарынан жекпе-жекке шыға алмайтынын мәлімдеді.
«Qazaq Style» деген лақап атпен танылып жүрген отандасымыз жанкүйерлеріне жемістердің алда екенін және халықтан қолдау күтенінін айтты.