Өзбекстан құрамасының ойыншысы Игорь Сергеев «Ақтөбеге» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Игорь кәсіби мансабын «Пахтакор» сапында бастаған. Жалпы «Пахтакор» жейдесінде 137 ойынға қатысып, 79 мәрте қақпа торын тулатса, 14 рет нәтижелі пас берген. Одан бөлек Қытай суперлигасындағы «Бейцзин Гоань», арабиялық «Әл-Зафра» клубтарында доп тепкен.
2013 жылдан бері Өзбекстан ұлттық құрамасына үздіксіз шақырылып келеді. Ұлттық құрама қатарында 53 ойынға шығып, 17 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген екен.