Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Ян Вороговский мансабын Бельгияда жалғастырады

Читать полностью

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгияның бірінші дивизионындағы көшбасшы команданың біріне ауыспақ, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.

25 жастағы футболщы «RWDM Моленбек» клубына жалға берілді. Бельгиялық клуб маусым соңында Янды сатып алу құқығына ие болады. Тараптар барлығын дерлік келісіп қойған, тек қағаз жүзінде бекіту ғана қалды.

«Моленбек» турнир кестесінің 3-ші сатысында және Бельгия чемпионатына шығуға үміткер команда, ал Вороговский бірнеше жыл бұрын «Беерсхоттың» бірінші дивизионнан шығуына көмектескен еді.

Айтпақшы, «Беерсхот» «Қайраттан» Вороговскийді сатып алғанда, 150 мың еуро төлеген болатын. Егер «Моленбек» сатып алу опциясын қолданатын болса, алматылықтар екінші рет бір ойыншыны сатудан пайда табады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+