Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жасар қорғаушысы Ян Вороговский ойнайтын «Беерсхот» ФК Бельгия Кубогында ұтылып, жарыстан шығып қалды.
1/8 финалдық ойынында Вороговскийдің командасы «Мехелен» футбол клубына 0:1 есебімен жол берді. Ойында соғылған жалғыз голдың авторы 41-минутта көзге түскен Роб Схофс болды.
Вороговский алаңға негізгі құраммен шығып, 58-минутта алаңдағы өз орнын командаласына босатты. Осы ойынның алдында екі матч бойы қазақстандық ойыншы қосалқы құрамда отырғандығын айта кетейік.
Ағымдағы маусымда Вороговский «Беерсхот» құрамында 17 матчқа қатысып бір гол соққан. Бельгия чемпионатында аталған ұжым сегізінші орында келеді.