Елордалық «Астана» клубының су жаңа ойыншысы, Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян нұр-сұлтандық команданы неге таңдағаны және қандай нөмірмен ойнағысы келетіні туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты:⠀
– «Астана» тарапынан қызығушылық туралы маған «Тамбов» сапында жүргенде маусымның соңында айтылды. Содан кейін маған бас бапкер Андрей Тихонов, одан соң Давид Лория қоңырау шалды. Құдайға шүкір, біз барлық мәселелер туралы келістік, мен астаналықтар сапында өзімді өте жайлы сезінемін. Тағы да Грекия, Кипр және Израильде таңдаулар болды, бірақ «Астананы» таңдадым, өйткені бұл атағы дардай клуб, еурокубоктік ойындардың тұрақты қатысушысы және менің ауысуыма маған бапкердің тікелей қызығушылық танытқаны себеп болды.
– Командада қандай нөмірмен ойнағың келеді?
- Мен үшін бұл сұрақ аса маңызды емес, бірақ ұлттық құрамада үшінші нөмірмен ойнаймын. Егер ол «Астанада» бос болса, сол нөмірді таңдар едім.