«Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турында «Астанамен» тең ойнады. Матч Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 34-минутында «Тобыл» қорғаушысы Жарко Томашевич өзінің бұрынғы командасына гол соқты. Бірінші таймның қосымша уақытында Игорь Сергеев пенальтиді сәтсіз орындады. Ал 55-минутта Педро Эуженио тамаша гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Қазақстан Премьер-лигасы, 8-тур
«Тобыл» – «Астана» – 1:1
Голдар: Жарко Томашевич 33 – Педро Эуженио 54
Соғылмаған пенальти: Игорь Сергеев 45+5
Сары қағаздар: Душан Йованчич 79, Айбар Жақсылықов 86, Зоран Тошич 90+3, Алекса Аманович 90+7 –Марин Томасов 8, Марко Милошевич 45+5, Даниил Бескоровайный 48, Жереми Манзорро 90+6
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Александр Марочкин, Самат Жарынбетов – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо, Владислав Васильев, Игорь Сергеев (Айбар Жақсылықов 77);
Қосалқы құрам: Дмитрий Непогодов (В), Султан Бусурманов (В) – Роман Асранкулов, Дмитрий Мирошниченко, Данияр Семченков – Вячеслав Кульпеисов, Зоран Тошич, Руди Пожег, Жаслан Жумашев;
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Талғат Кусяпов, Денис Поляков, Даниил Бескоровайный, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг, Жереми Манзорро – Марин Томасов (к), Педро Эуженио, Рай Влут (Абат Айымбетов 89);
Қосалқы құрам: Данил Подымский (қ) – Сағи Совет, Артем Рахманов – Сұлтан Сағнаев, Юрий Перцух – Станислав Басманов, Владислав Прокопенко;