Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Тобыл» екінші ОЖЖ-на аттанады

Читать полностью

Қазақстан Премьер Лигасының мықты клубтарының бірі «Тобыл» екінші оқу-жаттығу жиындарына аттанғалы отыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайлықтар алдымен Алматыға ұшып барып, ары қарай Стамбул қаласына бағыт алады. «Сары-жасылдар» түріктер астанасынан өздерінің ОЖЖ өтетін Анталья қаласына барады. Сәрсенбі күні команда толықтай қонақ үйге орналасады деп жоспарлануда.

Биылғы маусым алдындағы екінші оқу-жаттығу жиынында жаттықтырушылар штабы бақылау матчтарын өткізіп, клубқа жаңадан келген ойыншыларды қарайды.

Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегерлері Түркиядағы дайындықтары 10 ақпанда басталып, 24 ақпанда аяқталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+