Әлемдік рейтингте 236-орында тұрған 21 жастағы қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Франциядағы Шербур Challenge турнирінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.
Тимофей алғашқы айналымда 1014-орындағы француз теннисшісі Жюль Мариден 6:2, 6:1 есебімен жеңіліп қалды. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Скатов ойын барысында 1 мәрте қос қателікке ұрынып, 6 брейктің біреуін ғана жүзеге асырды.