Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағдат Жұбаныш Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан IMMAF Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Жұбаныш 52,2 келі салмақ дәрежесіне дейінгі финалдық жекпе-жекте ресейлік Фарход Рахмоналиевті жеңді.
Осылайша Бағдат үшінші рет әлем чемпионы атанды. Осыған дейін 2018 және 2019 жылдары қарсылас шақ келтірмеген еді.
Сонымен қатар Жұбаныш IMMAF нұсқасы бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болып тарихқа енгенін де айта кеткен жөн.