Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Тараздың» екі түлегі клубтан кетті

Читать полностью

«Тараздың» қорғаушысы Мадияр Нұралы мен жартылай қорғаушысы Думан Тұрсынбай «Тараз» сапынан кетті.

26 жасар Мадияр Нұралы «Тараз» құрамында 2015 жылдан бастап Премьер-лигада 34 ойын өткізген. Жамбыл футболының тағы бір түлегі 22 жасар жартылай қорғаушы Думан Тұрсынбай соңғы екі маусымын «Алтай» мен «Академия Оңтүстік» клубтарында өткізген. Қос футболшы да «Таразбен» жаттығу жиындарына барды, алайда клуб олармен жұмыс жасамайтындығын білдірді.

Бұған дейін Деян Больевич («Алашкерт», Армения), Йован Чадженович, Братислав Пуношевац, Горан Бркич («Тузла Сити», Босния және Герцеговина), Михаил Мищенко, Аюб Бацуев, Овидиус Вербицкас («Жальгирис», Литва), Тони Сильва мен Серю Ньюадзи «Тараз» сапынан ауысқан болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+