Жамбылдық «Тараз» футбол клубы Түркиядағы жатқан оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық матчын өткізді.
«Тараз» Германияның Екінші Бундеслигасында өнер көрсететін «Падерборн» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жолдастық матч
«Тараз» (Қазақстан) — «Падерборн» (Германия) 3:0
Голдар: Сүлей (дубль), Шахметов
«Тараз» осыған дейін косоволық «Ульпиана» клубымен ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Жамбылдықтар келесі матчын 2 ақпан күні сербиялық «Колубараға» қарсы өткізеді.