Қазақстандық теннисші Андрей Голубев хорватиялық Франко Скугормен бірге Australian Open-2022 турнирінің жұптық сынындағы алғашқы матчын өткізді.
Бірінші айналымда Голубев/Скугор жұбына жергілікті спортшылар Дэйн Суини мен Ли Ту қарсылас атанды. Алғашқы сетте аустралиялықтар 5:2 есебімен алға шыққан еді. Дәл осы сәтте Голубев пен Скугор белгісіз себептермен ойынды жалғастырудан бас тартты.
Еске салайық, ерлер арасындағы жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов өз жорықтарын жалғастыруда.