Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Тұран» әзірбайжандық қақпашымен келісім-шарт жасаспақ

Читать полностью

Әзірбайжандық қақпашы Эмиль Балаев «Карабах» клубымен екі жақты мәміле бойынша келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azerisport басылымы.

«27 жастағы қақпашы Әзірбайжан Премьер-лигасының 17-ші турындағы «Кешлиге» қарсы өткен матчқа (0:0) шақыртылды. Бұл оның командадағы соңғы ойыны болды.

Жақын күндері Балаев қазақстандық «Тұран» клубымен келісім-шартқа отырмақ. Бірақ ол жаңа командасына бірден қосылмайды, өйткені ол үйленгелі жатыр», - деп жазады портал.

Ал «Карабахтың» бас бапкері Гурбан Гурбанов қақпашының командадағы болашағы ертең нақтыланатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Эмиль бұған дейін «Тобылдың» намысын қорғаған. Қостанайлық клуб үшін 36 кездесу өткізіп, 21 матчта қақпасын голдан аман сақтаған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Теги:
Рейтинг: 5
Реклама 21+