Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Стоилов: «Келісімшартты бұзған жоқпын, басшылық кетуді сұрады»

Читать полностью

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» клубының экс-бапкері Станимир Стоилов Sports True ютуб-арнасына берген сұхбатында «Астананың» қайта шақыруы мен ұлттық құрамадан кетуі жайлы сұрақтарға жауап берді:

«Еурокубоктік ойындардан тыс қалғаннан кейін мені клубқа 3-4 айға шақырды. Менің күлкім келді және былай дедім: Жігіттер, мені қаралымға шақырып жатырсыңдар ма? Көңілге тигені анық. Мен бұл клуб пен елді жақсы көремін. Қазақстан – менің екінші отаным, бірақ мұндай қарым-қатынасты күтпедім. Бұл адамдардың клубта не істеп жүргенін түсінбеймін. «Астананы» өлтірудің қажеті жоқ. Клубтың бұрынғыдай мықты болмайтыны көрініп тұр».

Ал ұлттық құрамадан кетуі жайлы былай дейді:

«Мен келісімшартты бұзған жоқпын. Әлі бір жыл бар еді. Басшылық кетуді сұрады, мен бірден келістім. Ешқандай да ақша талап еткен жоқпын. Өйткені Қазақстан футболда маған көп дүние берді. Ұлттық құрамаға келмей тұрып-ақ қорғаныс пен шабуылда жақсы ойнайтын ұжым жасауға тырысамын деп айтқанмын. Ойын стильін өзгертіп, жастарды шақыра бастадық. Егер оларды қорқынышсыз бірінші нөмірмен ойнауға үйретсең, олар кез келген ұжымды жеңеді. Иә, ол үшін уақыт керек. Ал егер екінші нөмірмен ойнай берсең, бір ойынды ғана жеңе аласың», – дейді Станимир мырза.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+