Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
«Кеншілер» ресейлік «Волгарь» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді. «Шахтер» сапындағы жалғыз голды Айдос Тәттібаев соқты.
«Шахтер»: Шацкий (Трофимец), Досмағамбетов (Назымханов), Ламанж (Назаренко), Чосич, Граф, Маляров, Букорац, Каньяс, Рустемович (Адуев), Аветисян (қаралымдағы ойыншы), Мұртазаев (Тәттібаев).
«Волгарь» Ресейдің екінші дәрежелі ФНЛ чемпионатында 18-ші орында келеді.