Австралияның Мельбурнінде өтіп жатқан турнирінде үш қазақстандық теннисші 1/8 финалда жеңіліс тапты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1 сағат 45 минутқа жалғасқан текетіресте чехиялық Барбора Крейчиковаға 2:1 есебімен есе жіберді.
Елена Рыбакина (Қазақстан) – Барбора Крейчикова (Чехия) – 6:4, 2:6, 6:10.
Ал Юлия Путинцева турнирдің үшінші ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы тұрып, өкінішке орай 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Жеңімпазды анықтауға 1 сағат 43 минут жеткілікті болды.
Юлия Путинцева (Қазақстан) – Виктория Азаренко (Беларусь) – 4:6, 6:1, 9:11.
Ерлер арасындағы сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте өзінен төмен аргентиналық Стефано Травальяға жол берді. Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылып, 0:2 есебімен аргентиналықтың пайдасына шешілді.
Александр Бублик (Қазақстан) – Стефано Травалья (Аргентина) – 1:6, 5:7.