Елордалық «Астана» 27 жастағы испаниялық қорғаушы Энрике Лопестің командадан кеткенін хабарлады.
Футболшы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты елордалық клубтан кетуге мәжбүр болды.
Лопес «Астанаға» 2021 жылдың сәуірінде қосылып, команданың негізгі ойыншысына айналды. Елордалық клуб сапында 30 кездесу өткізіп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.