«Қайраттың» және Қазақстан ұлттық құрамасының 23 жастағы шабуылшысы Артур Шушеначев польшалық «Шленск» клубына рекордтық сомаға ауысады, деп хабарлайды Wroclaw басылымы.
Польшалық командада Артур қытайлық «Чанчунь Ятай» клубына ауысқалы жатқан Эрик Эспозитоның орнын басуы керек.
«Шленск» қазақ футбошысын қатарға қоспақ. Клуб басшылығы «Қайратпен» өтемақы көлемін келісіп қойған. Бұл рекордтық көрсеткіш – польшалық клуб бұрын-соңды жаңа ойыншы үшін мұнша көп ақша төлемеген. Олар Шушеначевті 600 000 еуроға сатып алады.
Артур жаңа командада айына шамамен 12 000 еуро алады (клубтағы орташа жалақы), ал келісім-шарт мерзімі 3,5 жылға жарамды болмақ.
Сондай-ақ «Шленск» қазақстандық шабуылшыны болашақта тиімді қаржыға сату үшін қатарға қосты.
Трансферлік терезе жабылғалы жатыр Футболшының «Шленск» сапында ойнағысы келгені сонша, оның Польшаға ұшып кел деген пәрменді күтіп отыр», - деп жазады дереккөз.