Qazsport телеарнасының журналисі Индира Бектенова Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдан сұхбат алып, бүгінгі матчқа дайындығы жайлы сұрастырды.
- Ел арасындағы ұзақ қашықтық. Ауа-райы, бөлек атмосфераға футболшыларымыздың бейімделуіне уақыт табылды ма? Жігіттердің дайындығы қалай?
- Уақыт жеткілікті болды. 5 күн аралығында бейімделіп үлгердік. Дайындығымыз қатаң түрде өтіп жатыр. Өйткені алғашқы ойын біздің босаңсуымызға мүмкіндік бермеді. Матчқа тыңғылықты дайындалып жатырмыз.
- Футболдан хабары бар елдің біразы екінші ойында да біздің ел жеңіске жететініне сенімді. Бұл қаншалықты ұжымға қысым келтіреді? Ойын фавориті сіздің ойыңызша кім?
- Бізге әрқашанда қысым көрсетіледі. Жанкүйерге деген жауапкершіліктің ауыр жүгі мойынымызға тұсау. Ойын фавориті әзірге белгісіз. Алғашқы матчтың өзінде кімнің мысы басым екенін көре алмадық. Сусымалы есепте барлығы біз ойлағандай болмай қалуы мүмкін. Сондықтан да біз фаворитпіз бе, фаворит емеспіз бе, оған назар аударып жатқан жоқпыз. Бар зейін тек жаттығуға бағытталды.
- Футболшыларымыздың физикалық дайындығы қалай?
- Ұлттық құраманың осыған дейін өткізген 3 ойыны сырт аландағы 1 ойыны команданың үлкен матчтарға дайын болуына үлкен серпін берді. Өз басым жігіттердің дайындығын жақсы деп бағалаймын.
- Көп-көп рақмет, сәттілік!