«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Қызыл-Жарды» қабылдады. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 12-минутында шымкенттік клубтың шабуылшысы Серж Ньюадзи баспен гол соқты. Бірақ 41-минутта Юрий Бушман айып добын тамаша орындап есепті теңестірді. 90-минутта Ньюадзи дубль авторы атанды. Ал үш минуттан кейін Карам Сұлтанов мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 7-тур
«Ордабасы» – «Қызыл-Жар» – 3:1
Голдар: Серж Ньюадзи 12, 90, Карам Султанов 90+3 – Юрий Бушман 41
Сары қағаздар: Эльхан Астанов 38 – Олег Мурачёв 32, Мусса Коне 55
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Евгений Чаговец, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Самат Шәмші (К) – Секу Думбия, Виктор Брага, Эльхан Астанов – Серж Ньюадзи, Всеволод Садовский (Луис Гедеш 74);
Қосалқы құрам: Қажымұқан Төлепберген (қ) – Нұралы Мамырбаев, Аслудин Хаджиев – Әділхан Добай, Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов, Максим Ваганов, Никита Шершнёв – Батырхан Тәжібай;
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв, Марк Гурман, Дмитрий Шмидт – Пабло Подио, Мусса Коне – Павел Яковлев (Артур Мурза 46), Дарко Зорич, Мишель Нкололо;
Қосалқы құрам: Владимир Логиновский (қ) – Стефан Живкович, Александр Довбня, Руслан Есімов – Сергей Тихоновский, Жиан Мартинс – Тимур Мульдинов, Андрей Панюков;