Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуро-2022 1/4 финалындағы Украинаға қарсы өтетін матч алдында пікір білдірді, деп жазады УЕФА ресми сайты.
«Біз Украинаның ешқашан берілмейтінін білеміз. Олар қорғаныста сенімді ойнайды және өте аз гол жібереді. Бұл команда физикалық жағынан да өте күшті. Жалпы, бізге де, оларға да оңай болмайды», – деді Кака.
Қазақстан мен Украина арасындағы ойын 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні елорда уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жеңіске жеткен құрама жартылай финалда Ресей – Грузия матчынан үздік шыққан командамен күш сынасады.