27 ақпан күні Алматыда өтетін бокс кешінің андеркарт жұптары белгілі болды.
Жеңіл салмақта қос қазақстандық боксшылар Торғынбек Әміров (3-0) пен Бектас Қасенай (4-0, 1 КО) кім мықтыны анықтайды. Ал жартылай орта салмақта Нұрбол Сұлтанбай (4-0, 1 КО) мен Нұржан Мақашбаев (0-1-2) кездеседі. Қос жекпе-жек те алты раундқа жоспарланған.
Орта салмақта қазақстандық Абай Төлеш (6-1, 4 КО) ресейлік Василий Штыкпен (2-2, 2 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Жастар арасындағы Олимпиаданың финалисі Талғат Шәйкен (3-0, 2 КО) тәжірибелі ресейлік Евгений Повкомен (18-3, 1 КО) бокстасады.
Сонымен қатар жеңіліс көрмеген қазақстандық Нұртас Әжбенов (10-0, 4 КО) ресейлік сақа боксшы Евгений Смирновпен (13-1-3) WBO ASIA PACIFIC белбеуіне таласады.
Естеріңізге сала кетсек, кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) пен британиялық Стивен Уордтың (13-1, 4КО) арасында өтеді.