Қазақстандық «Тараз» клубының бас бапкері Вардан Минасян клубтың баспасөз қызметіне құрамды жасақтау жөніндегі сұраққа жауап берді:
«Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақты ештеңе айта алмаймын. Бір нәрсені нақты айта аламын: легионерлер клубта көп болмайды. Басты назарды олардың сапасына аударамыз. Жергілікті ойыншылар олармен ойнап, бірге дамуы қажет. Жергілікті ойыншыларды құрамда көптеп көргім келеді. Осы ұстанымды ұстанатын боламыз», – дейді армениялық маман.