«Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг «Таразға» қарсы ойында гол салған болатын. Ойыншы баспасөз қызметіне берген сұхбатында матч жайлы сұрақтарға жауап берді.
– Осындай ауыр ойында үш ұпай иеленгімізге өте қуаныштымын. Команда қарқынды түрде жұмыстануда, әр жаттығуда деңгейімізді өсіруге тырысамыз, біз үшін әр ұпай алтынмен пара-пар. Біз кез келген ойынға тек жеңіс үшін шығамыз.
– Сен гол салғаннан кейін эмблеманы сүйіп ерекше атап өттің. Аталмыш тойлауыңның мәні неде?
– Мен өзіме сенім білдіретін адамдар мен жанкүйерлерге құрметімді білдіргім келді. Мені «Астанаға» келген күннен бастап қолдап келеді, мұнда өзімді үйдегідей сезінемін. Бұл мен үшін біраз нәрсені білдіреді.