Рунет выбирает
77
79
75
76
80

«Мақтаарал» тәжірибелі қақпашылармен толықты

Читать полностью

Қазақстандық тәжірибелі қақпашы Алмат Бекбаев пен украиналық голкипер Сергей Литовченко ресми түрде «Мақтаарал» сапына келіп қосылды.

Қос қақпашы да қазақ футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс. Алмат Бекбаев ҚПЛ-да бірнеше команданың қақпасын абыроймен қорғаған. 37 жастағы қақпашы өткен маусымның басында «Қызыл-Жарға» ауысып, небәрі 3 ойынға қатысты. Алмат Премьер-лигада бас-аяғы 131 матч өткізіп, 140 мәрте өз қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болған.

Сергей Литовченкоға келер болсақ, Қазақстаннан бөлек, Украина, Грузия және Әзірбайжан чемпионаттарында доп теуіп, өзінің ерекше сейвтерімен көзге түскен. Ал өткен маусымда оралдық «Ақжайық» клубында өнер көрсетті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+