Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (154) АҚШ-та өтіп жатқан Arizona Tennis Classic ATP Challenger турнирі іріктеу кезеңінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Кукушкин 55 минутқа жалғасқан кездесуде жеті эйс жасап, мүмкін болған сегіз брейкпойнттың бесеуін іске асырып, жапониялық Го Соеданы (275) тізе бүктірді.
Михаил Кукушкин (Қазақстан) — Го Соеда (Жапония) — 2:0 (6:2, 6:0)
Кукушкин іріктеу кезеңінің финалдық кездесуінде италиялық Томас Фаббианомен (174) күш сынасады.