«Ақтөбе» футзал клубының қақпашысы Абылай Сағиданов оралдық «Бәйтерекпен» өткен матч (3:1) жайлы ойын білдірді, деп жазады команданың баспасөз қызметі.
«Бүгін жігіттер жақсы ойнады. Команда мен бас бапкерге рақмет айтамын. Голыма келетін болсақ, жаттығу кезінде Нұрбек Қарағұлов пен Қайрат Иманалин барлығымыз бәске ойнаймыз осылай. Қанат Жеткірбаев екеуміз олардан күнде кофеге ойнап ұтылатын едік (күледі). Бірақ бүгін бұйырып тұр екен гол соғу. Қақпаға дәл бағыттағаныма қуаныштымын», – деді Сағиданов.