Хоккейден ересектер мен жастар арасындағы ел чемпионатының басталуы мүмкін уақыты хабарланды деп жазады pro.ligasy.kz.
Елдегі төтенше жағдайдға байланысты, кездесулер 24 қаңтарға жоспарланды. Айта кетелік, елдегі жағдай тұрақталып, төтенше жағдай алынған соң ғана кездесулер өтуі мүмкін.
Чемпионат барысында бес матч өтеді деп жоспарлануда.
Жаңарған кестеге сәйкес, ересектер арасындағы чемпионат 7 наурызда аяқталып, плей-офф кезеңі 11 наурызда басталады.