Ақтаулық «Каспий» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
«Каспий» Анталияда болгариялық «Марица» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ақтаулықтар сапынан Алмас Арменов пен Еркебұлан Нұрғалиев гол соқты. Ал қарсылас команда пенальтиден көзге түсті.
«Каспийдің» құрамы:
Бірінші тайм: Аязбаев, Розыбакиев, Барановский, Бондаренко, Тәйкенов, Цуцкич, Тигруджа, Нұрғалиев, Қабылан, Арменов, Йованович;
Екінші тайм: Мұханов, Нұрсұлтанов, Қадырбаев, Чесноков, Тулиев, Бекмырза, Шугаев, Гладченко, Мурзабеков, Нүсіп, Жанұзақов.
Естеріңізге сала кетсек, «Каспий» осыған дейін екі кездесу өткізіп, македониялық «Борецтен» жеңіліс (0:1) тапса, сербиялық «Металац» клубымен тең (2:2) түскен еді.
Ақтаулықтар келесі матчын 30 қаңтар күні ресейлік «Велес» клубына қарсы өткізеді.