Футзалдан Қазақстан чемпионатының 24-тур ойындары өтті.
«Ақтөбе» өз алаңында оралдық «Бейтерекпен» күш сынасып, 5:3 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы ойын 3:1 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілген еді.
«Ақтөбе» ШФК — «Бәйтерек» ШФК 5:3
Голдар: Булатов, Көлбаев (дубль), Демешов, Қарағұлов — Қарағұлов (өз қақпасына), Хафизи (дубль)
Ал «Атырау» мен «Аят» жанкүйерлерін ғажайып ойынмен қуантты. 1:5 есебімен жеңіліп жатқан атыраулықтар есепті теңестіріп, жеңілістен қашып құтылды. Алғашқы кездесуде 2:4 есебімен рудныйлықтар жеңіске жеткен еді.
«Атырау» ШФК — «Аят» ШФК 5:5
Голдар: Болт (дубль), Витиньо, Синезио (дубль) — Леандерсон (дубль), Әбдуманапұлы, Леандриньо, Синезио (өз қақпасына)
Күннің соңғы матчында ақтаулық «Каспий» мен көкшетаулық «Оқжетпес» кездесіе, алғашқысы 8:3 есебімен жеңіс тойын тойлады. Алғашқы ойында да ақтаулықтар 8:3 есебімен басым түскен еді.
«Каспий» ШФК — «Оқжетпес» ШФК 8:3
Голдар: Рафинья (дубль), Қарақұлов, Рашит, Жұмаханов, Кнауб, Дуда, Жума — Барашев, Двирный (дубль)