Рунет выбирает
77
79
75
76
80

GRAND SLAM. Доданың алғашқы күні татамиге Қазақстан атынан кімдер шығады?

Читать полностью

Бүгін, 18 ақпан күні Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталады. Olympic.kz жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығатын қазақстандық спортшылар тізімін жариялады.

Әлемдік доданың алғашқы күнінде ерлер арасында 60, 66 келіге дейінгі, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар татамиге шығады. Қазақстан сапынан 60 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Мағжан Шамшадин белдеседі. Ғұсман Қырғызбаев турнирді екінші айналымнан бастайды. Ол Аллан Кувабара (Бразилия) - Отар Бестаев (Қырғызстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Мағжан Шамшадинннің алғашқы қарсыласы украиналық Артес Лысюк болмақ.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев франциялық Килиан Ле Блашпен, Елдос Жұмақанов Израиль спортшысы Эйлон Баршешетпен кездеседі.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева ресейлік Сабина Гилиязовамен, 52 келіде Нұрсұлу Ералиева венгриялық Река Пуппен, ал 57 келіде Севара Нишанбаева Германия спортшысы Паулин Стракемен белдеседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+