Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Головкиннің келесі жекпе-жегі қай уақытта өтетіні белгілі болды

Читать полностью

GGG Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер орта салмақтағы IBF және IBO нұсқаларындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін қай уақытта өткізетіні туралы айтты, деп хабарлайды sports.kz.

«Бұрын жеңіліп көрмеген польшалық Камил Шереметаға қарсы GGG тамаша өнер көрсетті. Физикалық тұрғыдан да керемет көрінді. Сәуірде ол 39-ға толады, бірақ өзіне жақсы қарауының арқасында 29 жастағы жігітке ұқсайды. Алда оны бірнеше жекпе-жек күтіп тұр. Ол маусым айына қарай оралуды жоспарлап отыр деп ойлаймын», - деді Леффлер ESNews-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин соңғы кездесуін өткен жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-та өткізіп, Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+